Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения18001128
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 8069 15121 8069 17739482 112566 340041 18001128 Ваш IP: 216.73.216.193
Время: 2025-06-09 16:46:16
|
Үздіктерге – марапат
28 сәуір күні М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында «Қосымша білім беру ұйымының ең үздік» педагогы атты облыстық конкурсының жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттауы өтті. Қазылар алқасы облыстың үздік педагогтарына естелікке сыйлықтармен дипломдарды табыстады.
Бірінші дәрежелі липлом Павлодар қаласы М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының «Луч» шығармашылық бірлестігінің жетекшісі Даулет Даирбаевқа бұйырды. Екінші дәрежелі диплом Шарбақты ауданы «Радуга» мектептен тыс орталығының қосымша білім беру педагогы Айгул Омароваға тиесілі болды. Үшінші дәрежелі дипломмен Құрманғазы атындағы Балалар музыка мектебінің теория сыныбының педагогы Эльвира Кощук марапатталды. Шарбақты ауданы Балалар музыка мектебі хорының жетекшісі, вокал пәнінің қосымша білім беру педагогы, Яна Зайцеваға «Жыл жаңалығы» атты номинация табысталды. Конкурстың сараптамалық құрамына: Павлодар облысы білім беру басқармасының бас маманы Ж.А. Таджикова., ПМУ –нің Foundation» факультетінің деканы С.К.Ксембаева., «Өрлеу» БКҰО-нің маманы Б.Т.Каримова енді. |