Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения23043094
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 9199 11064 9199 22805610 257342 270568 23043094 Ваш IP: 216.73.216.228
Время: 2026-07-27 17:48:24
|
Кітапханашының жұмыс тиімділігі
М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайында 2016 жылдың 31 наурыз күні мектеп кітапханашылары үшін облыстық оқыту семинары өтті. Семинардың тақырыбы: «Кәсіби құзырлық пен кітапханашы шеберлігі. Мектеп кітапханасында мониторигтік зерттеулердің бағдарламасы». Оқушылар сарайының кітапханашысы Суворова Татьяна Владимировна кітапханашының оқу-танымдық, ақпараттық және коммуникативтік құзырлық жүйесі жайлы толық ақпар берді. Кітапханашының интеллектуалдық мәдениетінің маңызын бағалап өтті. Мектеп кітапханасының жағдайында мониторингтің кейбір аспектілеріне кеңірек тоқталды. Кәсіби табыстың мониторингі – кітапханашының кәсіби сана-сезімінің дамуының басты құралы екеніне негізгі мысалдар келтірді. ПМПИ-ның ғылыми кітапханасының әдіскері Дандыбаева Хадиша Григорьевна білім беру жүйесінде жұмыс мазмұнының жаңару жағдайында мектеп кітапханасының басты талаптарына тоқталды. Кітапханашы тұлғасының кәсіби дамуының жиі болу керектігіне баса назар аударды. Павлодар қаласы №14 ЖОМ-нің кітапхана меңгерушісі Мосягина Наталья Федоровна өз жұмысының басымдық бағдарының іске асыру жұмыс тәжірибесіне тоқталды. Наталья Федоровна Халықаралық және облыстық сайыстардың бірнеше рет жеңімпазы. Семинарға Ертіс, Железин, Қашыр, Лебяжі, Павлодар ауданы, Шарбақты, Успен аудандарынан және Павлодар, Ақсу қалаларынан 51 мектеп кітапханашылары қатысты. Семинардың барлық қатысушыларына серификаттар табысталды. |














