Антикоррупционная службаКолл центр 1424
Дворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения24724083
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 24457 28270 52727 24448750 132196 375807 24724083 Ваш IP: 216.73.216.137
Время: 2026-11-10 19:23:03
|
«Барлығы махаббаттан басталады»
«Рауан» әдеби-шығармашылық студиясының тәрбиеленуші 8 қаңтар қысқы демалыс кезінде «Барлығы махаббаттан басталады» атты әдеби қонақжай ұйымдастырды. Кездесуде №№ 2, 3, 5, 6, 7, 8, 9, 11, 13, 15, 22, 28, 34, 39. 43 қала мектептерінің оқушылары болды. Студия тәрбиеленушілері суреттер мен бұйымдардың көрмесін жасап, қызықты әдеби-сазды композициясын көрсетті. Сонымен қатар жас ақындар гитара әуенің сүйемелдеуімен жиналған қауымға өз шығармаларын оқыды. Тыңдармандар өлең жолдарын үлкен қызығушылықпен тыңдады. Қонақтар ребустер, шарада мен анаграмаларды шешті. Қызықты викторина үлкен адамдардың да, балалардың көңілдерінен де шықты. Қортындысында «Рауан» әдеби-шығармашылық студиясының жетекшісі кездесудің белсенді қатысушыларын дипломдар және тәтті сыйлықтармен марапаттады. Бұндай лирикалық кездесулер келген жас ақындарға өте қызықты болары сөзсіз. |














