Антикоррупционная службаКолл центр 1424
Дворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения24722079
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 22453 28270 50723 24448750 130192 375807 24722079 Ваш IP: 216.73.216.137
Время: 2026-11-10 18:08:39
|
Бейбітшілік елшілері
Қарашаның 4-6 аралығында Павлодар облысы және жақын шет елдерінен келген 63 бала «Черноярская Жемчужина» атты демалыс үйінде өз каникулдарын өткізді. «Бейбітшілік елшілері» лагерін «Невада-Семей» халықаралық антиядорлық қозғалысы, «Шаңырақ» жастар қоғамдық бірлестігі және М.Катаев атындағы оқушылар Сарайының скаут орталығы ұйымдастырды. Демалыс күндері «Мұқтаж адамға қолыңды бер, сонда сен әлемді нұрландыра түсесің!» атты ұранымен өтті. Ұйымдасытрушылар лагерь бағдарламасына: ойын-сауық іс-шараларын, түрлі бағыттар бойынша секция жұмыстарын, зияткерлік және шығармашылық тапсырмаларды, спорттық және туристтік шараларды енгізді. Оқушылар сарайының әдіскері Мария Ишмухаметова болса, заманауи өмірде бітімгерлік және еріктілердің ролі туралы ақпарат берді. №36 ЖОМ-нің экомұражай жетекшісі Людмила Данилова «Экология және өмір» тақырыбында сөз қозғады. Ал басқа станцияларда оқушылар Олжас Сүлейменовтың өмірлік ұстанымдары туралы біліп, ядролық қарусыз болашақ туралы талқылады. «Бейбітшілік елшілері» лагерінде Қырғызтан, Ресей Федерациясынан келген делегациялар болды. Қазақстанды Павлодар, Ақсу және Екібастұз қаласынан келген жас бітімгерлер таныстырды. «Бейбітшілік елшілері» лагерінің қортындысы бойынша жас бітімгерлер командаларын өз қоршаған ортасын бейбітшілікте сақтау идеясын, қоғамдағы күнделікті проблемаларға көңіл аударуға құрылды.
|














