Антикоррупционная службаКолл центр 1424
Дворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения24589757
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 14655 20795 63071 24318214 373677 527623 24589757 Ваш IP: 216.73.216.170
Время: 2026-10-31 21:31:50
|
«Megadance» облыстық би сайысының қорытындысы
30 сәуір күні «Megadance» облыстық би сайысының қорытындысы шығарылды. Оған барлығы 28 би ұжымы қатысты. Сайыскерлерді Оқушылар сарайы көркем тәрбие беру бөлімінің меңгерушісі Хуако Виктория Геннадьевна, «Айя» би ұжымының жетекшісі, №42 оқу-тәрбие беру кешенінің педагог-хореографы Байжұманова Айман Аманжоловна, Оқушылар сарайы «Блэйз» эстрадалық үлгілі би студиясының жетекшісі Корнюхина Любовь Васильевна, Оқушылар сарайы «Вдохновение» үлгілі би ансамблінің жетекшісі Лапухина Галина Александровна, Оқушылар сарайы «Анастасия» спорттық би клубының жетекшісі Никитина Виолетта Александровна кірген әділ қазылар алқасы бағалады.
Облыстық би сайысының алғашқы іріктеу кезеңі 11 ақпанда өткізілген болатын. Оның нәтижесі бойынша 12 би ұжымы финалға жолдама алды. 30 сәуір күні таңертең екінші іріктеу кезеңі ұйымдастырылды, 4 би ұжымы финалға өтті. Бұдан кейін би сайысының ақтық сыны басталды. Облысымыздың түкпір-түкіпірнен келген 16 би ансамблі айтулы додада өз бақтарын сынады. Әділ қазылардың шешімімен «Megadance» облыстық хореографиялық фестиваль-сайысына белсенді қатысқаны үшін Ақтоғай ауданының «Балауса», «Каприз» және «Карамельки» ұжымдары, №17 ЖОББМ «Тамшылар», №38 ЖОББМ «Жұлдыздар» ұжымы марапатталды. |














