Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения18609456
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 1879 16588 62776 18324797 33024 307313 18609456 Ваш IP: 216.73.216.237
Время: 2025-08-03 02:15:59
|
«Жайдарманның» облыстық 1/8 ойыны
Астанадан бастау алған «Әдебиет маусымы» енді Павлодарда. 14 сәуір күні М.М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайында 10 мектеп командаларының қатысуымен «Жайдарманның» 1/8 ойыны өтті. Ойынға төрағалық еткен М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайы директорының орынбасары - Солтанбекова Жанна Еркеновна, педагог-ұйымдастырушы – Калтаева Жанар Кайырбековна және Павлодар Жастар құрамасының өкілдері – Қоңыратбаев Олжас, Қапан Дархан, Алдашев Қасымхан. Ойын екі сайыстан тұрды: «Сәлемдесу» және «5 әзіл». Әділ-қазылардың шешімімен барлық командалар келесі кезеңге өтті. Бірақ араларында ерекше аталып өткендер де болды. Олар: Кенжекөл құрамасы және Абай атындағы №10 лицейдің «Шыңғыстау» мен «Абайstar» командалары. |