Мы в соцсетях 

 facebook ok vk youtube

ekran diktor rus

KPLeto2 rus

amanat rus

gossimv 23 2

polojeniya 23 rus 2

mindal rus

raspisanie 26 27 rus 1

proekt 23 rus

BIRTUTAS TARBIE

bala time kaz

map

antikor

Антикоррупционная служба 

Колл центр 1424

 

 

Дворец школьников 

Облако тегов 

Наши посещения 

24691027
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В этом месяце
За прошлый месяц
За все дни
19671
21605
19671
24448750
99140
375807
24691027

Ваш IP: 216.73.216.157
Время: 2026-11-09 17:54:06

Людмила Асеева: артында өшпес із қалдырған ғұмыр

 

2026.08.22 1 В клубах «Аққу» и «Мирас» реализована программа «Біртұтас тәрбие»
2026.08.22 2 В клубах «Аққу» и «Мирас» реализована программа «Біртұтас тәрбие»

Людмила Ивановна өзінің еңбек жолын XX ғасырдың 80-жылдарында М. М. Катаев атындағы облыстық Пионерлер сарайында бастап, «Аталар – ардагерлер, немерелер – ізшілер» мұражайын басқарды.


Ол Ұлы Отан соғысының қаншама ардагеріне өзінің ықыласы, қамқорлығы мен адамдық жылуын сыйлады!

Мұражайды өзінен кейінгі жас әріптесіне сенімді қолдарға тапсырған соң, Людмила Ивановна №17 және №39 мектептерде қызмет атқарып, бастауыш және орта буын оқушыларына арналған «Мейірімділік сабақтарын» әзірледі. Өзінің осы бағыттағы жұмысының қорытындысы бойынша бұл сабақтар туралы кітап та жазды.

Оның сабақтары өскелең ұрпақтың адамгершілік және рухани тәрбиесіне үлкен үлес қосты. Людмила Ивановна балалардың ересектерге, әсіресе қамқорлық пен қолдауды қажет ететін қарт адамдарға көмектесуге деген ықыласы мен дағдысын қалыптастырды.

Адамдарға қызмет етуге арналған ұзақ ғұмырының соңғы кезеңінде ол туған қаласы Павлодар мен облыстың қоғамдық өміріне белсене араласты. Достық үйінде өткен бірде-бір іс-шара оның қатысуынсыз өтпейтін.

Оған жерлестерінің өміріне қатыстының бәрі қымбат еді. Түрлі ұлттар мен конфессия өкілдерінің достығы, ортақ мүдде, берік татулық және туған қаласының, облысының, елінің жарқын болашағына деген шынайы сенім оның жүрегіне жақын болды.

Людмила Ивановна Асеева павлодарлықтардың жадында мәңгі сақталады.

Ол қаншама кітап пен өлең жазды десеңізші… Өз еңбегіне арналған өлеңдері Достық үйінің, облыстық Оқушылар сарайының сахналарында және түрлі шығармашылық кештерде шырқалды.

Оны адамды терең ойлы, сезімтал, өзгенің қайғысы мен мұқтаждығына бейжай қарамайтын тұлға ететін дүниенің бәрі толғандыратын. Оның еңбегі айналасындағылардың бәрін өмір, осы өмірдегі өз орны, адамның өз ісімен, еңбегімен және адамдарға жасаған қызметімен артында қандай із қалдыратыны туралы ойлануға жетелейтін.

Шынымды айтсам, кейде: «Мұның оған не қажеті бар? Неге өзін осыншама аяусыз сарқып береді? Қандай тынымсыз жан еді!» деп ойлайтынмын. Ал кейбіреулерге ол тіпті «қалыптан тыс» адамдай көрінуі де мүмкін еді. Бірақ осылай ойлаған әр адам ар-ұяты мазалап, мұндай теріс ойларын өзінен алыстататын…

Барлығы түсінді: бұл адам басқаша өмір сүре алмайтын. Жай ғана өмір сүруді басқаша білмейтін!

Оның өмір жолындағы барлық ісіне ең мықты тірек болған — сүйікті жары Евгений Константинович. Бұл — терең махаббаттың, адалдықтың, құрмет пен сүйіспеншіліктің тамаша үндестігі еді.

Қазір есіме мына бір өлең жолдары түсіп отыр:

«Олардың некесі ҮМІТТЕН, МАХАББАТТАН ЖӘНЕ СЕНІМНЕН тігілген…»

Жолдасы қайтыс болғаннан кейін жарты жыл өткен соң Людмила Ивановинаның да өмірден өтуі табиғи әрі түсінікті сияқты… Бұл аққулар туралы аңызды еске түсіреді…

Жатқан жерің жайлы болсын, аяулы Людмила Ивановна.

Жарқын бейнеңіз бен жақсы есіміңіз мәңгі жүректерде сақталады…

 

Добавить комментарий