Мы в соцсетях 

 facebook ok vk youtube

ekran diktor rus

KPLeto2 rus

amanat rus

gossimv 23 2

polojeniya 23 rus 2

mindal rus

raspisanie 26 27 rus 1

proekt 23 rus

BIRTUTAS TARBIE

bala time kaz

map

antikor

Антикоррупционная служба 

Колл центр 1424

 

 

Дворец школьников 

Облако тегов 

Наши посещения 

24589115
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В этом месяце
За прошлый месяц
За все дни
14013
20795
62429
24318214
373035
527623
24589115

Ваш IP: 216.73.216.170
Время: 2026-10-31 20:37:58

«Мейірім FEST»: Павлодардағы ізгі істер мерекесі

 

«Мейірім FEST»: праздник добрых дел в Павлодаре «Мейірім FEST»: праздник добрых дел в Павлодаре
«Мейірім FEST»: праздник добрых дел в Павлодаре «Мейірім FEST»: праздник добрых дел в Павлодаре

2024 жылғы 5 желтоқсанда М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайында Халықаралық еріктілер күніне орай  «Мейірім FEST» акциясы өтті. Бұл іс-шара Павлодар облысының жүздеген оқушылары мен еріктілерін біріктіріп, ізгі істер мен қайырымдылық бастамалардың нағыз мерекесіне айналды.

«Мейірім FEST»: праздник добрых дел в Павлодаре «Мейірім FEST»: праздник добрых дел в Павлодаре 

Акцияны Павлодар облысының «Жас Ұлан» бірыңғай балалар-жасөспірімдер ұйымы «Павлодар студенттік және құрылыс отрядтары штабы» қоғамдық қоры мен «Жасыл Ел» қозғалысының қолдауымен ұйымдастырды. Бұл шара қала мен өңірдің білім беру мекемелерін қамтып, бір алаңда жас көшбасшыларды, мектеп президенттері мен белсенділерді жинады.
«Мейірім FEST» акциясы салтанатты ашылу рәсімімен басталып, «Жас Ұлан» әнұраны шырқалып, еріктілер өздерінің ортақ іске қосқан үлестерінің маңыздылығын сезінді.
Оқушылар сарайының алаңында түрлі тақырыптық алаңдар ұйымдастырылды. Ерекше назарды 3-4 сынып оқушылары, яғни «Жас Қыран» ұйымының мүшелері дайындаған «Ойыншық сыйла» байқауы аясындағы жаңа жылдық ойыншықтар көрмесі аудартты. Балалардың жұмыстары шығармашылық пен жанашырлыққа толы болды, әр ойыншық интернат тәрбиеленушілеріне сыйға тартылатын болады.
5-8 сынып оқушылары арасында «Жас Ұлан» ұйымының «Ағашты қорға» атты макулатура жинау акциясы өтті. Шара барысында мектеп оқушылары ондаған килограмм макулатура жинап, табиғатты қорғауға өз үлестерін қосты.
Ал 9-11 сынып оқушылары, мектеп парламенттерінің мүшелері, «Қарлы челлендж» атты креативті шараға қатысты. Бұл челлендж еріктілікті насихаттауға бағытталып, оқушыларға  ерекше әсер қалдырды.
«Мейірім FEST» акциясының соныңда – қатысушыларды марапаттау және байқаулардың қорытындыларын шығару болды. Ең үздік жаңа жылдық ойыншықтар жүлделермен марапатталып, экологиялық акцияның жеңімпаздары алғыс хаттарға ие болды.
- «Мейірім FEST» жастардың тек армандап қана қоймай, мейірімді іске өз үлестерін қоса алатынын көрсетті. Біз барлық қатысушыларға алғыс білдіріп, оларға еріктілік қызметінде табыс тілейміз. Бүгін балалар интернат тәрбиеленушілеріне арналған жаңа жылдық ойыншықтар жасап, қалдықтарды қайта өңдеуге бағытталған экологиялық акцияға қатысты, – деп атап өтті Оқушылар сарайы бұқаралық жұмыс жөніндегі орынбасары Самал Сүлейменова.
М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайында өткен Халықаралық еріктілер күні барлық оқушыларды біріктіріп, қайырымды істерге баулыды.

 

Добавить комментарий