Антикоррупционная службаКолл центр 1424
Дворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения24690884
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 19528 21605 19528 24448750 98997 375807 24690884 Ваш IP: 216.73.216.157
Время: 2026-11-09 17:47:08
|
Шарбақты ауданынан келген қонақтар
12 ақпан күні Оқушылар сарайы өз қабырғасында қарсы алды. Олар өз аудандарындағы «Жас Ұлан» ұйымының белсенділері, «Звезды нашего двора» аудандық жобасының жеңімпаздары екен. Құрметті қонақтарымыз келісімен «Деды – ветераны, внуки – следопыты» мұражайына жол тартты. Мұражай бойынша экскурсияны Каирканова Назигуль Базаровна жүргізді. Одан соң балалар Петрович Оксана Владиславовна өткізген тренингте болып, топтық жұмыстың мән-маңызын түсінді. Ал Кибатова Самал Бакубаевна оқушыларды екі редакцияға бөле отырып, газет макетін жасауды үйретті. Олар тіпті біздің газетімізге өздерінің шағын мақалаларын жазып қалдыруға үлгерді. Не жазды екен, оқып көрелік: «Сегодня, приехав в Павлодар, мы посетили Дворец школьников. Нас очень радужно встретили. Мы побывали в музее, где узнали много интересного из истории Павлодарской области. Затем с нами провели беседы и тренинги, где мы научились слушать друг-друга, понимать и сплоченно работать в команде. Спасибо за встречу!». Осындай көтеріңкі көңіл-күймен балалар кітпаханаға жол тартты. Кітапханада оларды Суворова Татьяна Владимировна қарсы алды. Көрмемен таныстырып, «Ертегілік лото» ойынын ойнатты. Оқушылар сарайының қызыққа толы кабинеттерін аралаған балалар жақсы естеліктермен туған аудандарына жол тартты. |














