Павлодарлық оқушылар «Taqıa Fashion week» гранд-дефилесіне қатысты
- Подробности
-
Категория: Методический отдел
-
Опубликовано 30.11.-0001 05:00
Павлодарские школьники участвовали в гранд-дефиле «Taqıa Fashion week»
|
Павлодарские школьники участвовали в гранд-дефиле «Taqıa Fashion week»
|
2023 жылы 22 наурыз күні М.М.Катаев ат. облыстық Оқушылар сарайының алаңында «Қош келдің - әз Наурыз» атты мерекелік іс-шара өтті.
Павлодар облысының білім беру басқармасының және М.М.Катаев ат. Оқушылар сарайының бастамасымен «Taqıa Fashion week» гранд-дефилесіне Павлодар облысынан 200-ге жуық оқушылар қатысты.
Айта кетсек, М.М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайында 2023 жылдың Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында «Тренд тақия тігеміз» атты заманауи тақиялар тігу бойынша шеберлік сабақ өткен болатын. Бұл шеберлік сабақ «Taqıa Fashion week» жобасының бастамасы болды.
Шеберлік сабақты өткізген Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық гимназиясының «Кәусар бұлақ» әжелер мектебінің төрайымы, «Нұр-Ана әлемі» лигасының мүшесі Сұнгатова Ғалия Балтабайқызы. Іс-шараның құрметті қонақтары ақын, журналист Қазақстан Журналистер және Жазушылар одағының мүшесі, Павлодар қаласының Құрметті азаматы Шолпан Байғалы және «Нұр-Ана Әлемі» лигасы мүшелері болды.
Қол өнерші Ғалия апай трендке айналған тақияларды тігіп көрсетіп қоймай, оның пішудің жолдарын, тақияны сәндеп безендіруді, ұлттық киімдердің шығу тарихын, тақияны киюдің жолдарын үйретті.
Тақия - бұл әр қыз балаға сұлулық пен ерекше сүйкімділік беретін ерекше бас киім. Қазіргі таңда заманғы қазақи ою-өрнектерімен, асыл тастармен безендірілген тақиялар трендте. Гранд-дефиле өткізудің мақсаты - қазақ халқының ұлттық киіміне оқушылардың қызығушылығын дамыту.
2023 жылдың 14 наурызы мен 20 наурызы аралығында өңіріміздің барлық мектептерінде тақия тігуден шебер әжелермен, халық шеберлерімен кездесулер өтті. Жоба аясында технология сабақтарында және тігін үйірмелерінде киізден, матадан және аксессуарлардан сәнді трендті бас киімдер жасау бойынша шеберлік сыныптар ұйымдастырылды. Халық қолөнершілері оқушыларға бас киімнің шығу тегі және тақияның заманауи нұсқалары туралы айтып берілді.
Апталық шеберлік сыныптардың қорытындысы Оқушылар сарайының алаңында бас киімдер көрсетілім-дефиле түрінде болды. Әр мектептен 5 қыз бала қатысып, олар өз қолдарымен тігілген бас киімдерді киіп, ұлттық костюмдерін де көрсетіп дефилеге шықты.
Тақия кию қазақ қыздары арасында трендке айналып келеді. Соңғы кезде көшеде қазіргі заманға лайықтап, минимализм стилімен тігілген тақия киіп жүрген қыз-келіншектерді жиі кездестіруге болады. Еліміздің ертеңі жас буынның қолында. Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, бүгінгі қыз ертеңгі ана. Сол себептен ұлтымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын олардың бойына сіңіріп өсіру – басты мақсатымыз, - әдіскер дейді Асем Аипова.
«Қош келдің - әз Наурыз» атты мерекелік шарасы "Қызғалдақтар алаңы" көрме-конкурсымен жалғасын тапты. Апта бойы Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептері мен колледждері "Қызғалдақтар алаңы" көрме-конкурсына қатысты. Байқаудың мақсаты-балалар шығармашылығын насихаттау, тың идеяларды іске асыру. Байқауға қатысушылар әр түрлі материалдардан жасалған көктемгі гүлдерді (қызғалдақтар және т.б.) дайындады: киізден, фоамиран, гофрленген қағаз, картон қағаздардан. Содан кейін олар инсталляция түрінде ұсынылуы керек.
Қолдан жасалған қызғалдақтарды олар киіз үй, әр түрлі оюлар түрінде орната алады. Орнату формасы биіктігі-кемінде 1,5 м, ені - 1 м, әртүрлі материалдардан, металдан, ағаштан және т. б. жасалуы мүмкін.
Оқушылар сарайының эстетикалық тәрбие бөлімінің педагогтары мен тәрбиеленушілері сәндік-қолданбалы өнер көрмесін көрсетті. Мұнда ұлттық безендірілген кішкентай киіз үйлер, киізден жасалған суреттер, "Наурыз аруы" қуыршақтары ұсынылды.
Сонымен қатар Наурыз мерекесін тойлау аясында концерттік бағдарламаны оқушылар сарайының көркемсурет бөлімінің домбыра, вокалдық және хореографиялық ұжымдары ұсынды.
РУПЦФК педагогтары балаларға арналған "Асық party", "Тоғыз құмалақ", "Арқан тарту" көңілді ұлттық ойындарын ұйымдастырды. Павлодар облысының «Жас Ұлан» балалар ұйымы қонақтар үшін көңілді старт мерекелік ойын бағдарламасын өткізді.
Сондай-ақ, мереке қонақтарына арналған дәмді ұлттық тағамдар ұсынылды. "Крендель" кондитерлік дүкені мереке қонақтарына арналған ойын алаңына тәтті сыйлықтар түрінде демеушілік көмек көрсетті.
Добавить комментарий