Антикоррупционная службаКолл центр 1424
Дворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения24646362
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 2236 12566 41370 24370444 54475 375807 24646362 Ваш IP: 216.73.216.94
Время: 2026-11-07 10:28:57
|
Оқушылар сарайында жас мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына мектеп өз қызметін бастады
2022 жылдың 4 қараша күні М.Катаев ат.Оқушылар сарайында жас мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының алғашқы курсы өтті. Отырысты Оқушылар сарайының әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Бағлан Ашенова бастады. Мектеп аясында «МДТІЖО қызметін ұйымдастыру» оқу курсы ашылды. 0-ден 3 жылға дейінгі еңбек өтілі бар жас мамандар үшін оқуды ай сайын өткізу жоспарлануда. Аталмыш іс-шарада курс тыңдаушыларына «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері орындауға міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы» 2021 жылғы 16 қыркүйектегі толықтырулар енгізілген № 130 бұйрығына сәйкес негізгі нормалар түсіндірілді. Бағыттар бойынша тәрбие жұмысының негізгі аспектілері, жалпы жұмыстың құрылымы, бірізділігі мен формалары қарастырылды. |














