Антикоррупционная службаКолл центр 1424
Дворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения24600920
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 9033 16785 74234 24318214 9033 375807 24600920 Ваш IP: 216.73.216.170
Время: 2026-11-01 13:22:25
|
Оқушылар сарайында онлайн ерлік сабақтары өтті
2021 жылы 15 ақпанда Оқушылар сарайында Ауғанстан әскерлердің күніне арналған мұражай сабағы өтті. Аққулы ауданының мектеп оқушылары сабаққа белсенді қатысты. Сабақтың қонағы Әскери Даңқ мұражайының директоры Тыштыков Рустам Нажмиденұлы болды. Ол Ұлы Отан соғысы туралы естеліктерді ұзақ жылдар бойы мұражайда сақталған жәдігерлер туралы айтты. 2009 жылдан бастап «Майдан жолы» іздестіру отрядының павлодарлық белсенділер қазақ жауынгерлерінің сүйектерін табу және Ұлы Отан соғысы болған жерлерде ескерткіштер қою бойынша жұмыс жүргізуде. Ол Павлодар облысынан Ауғанстандағы соғысына қатысқан батырларға тоқталды. Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуының 30 жылдығында Павлодарда мемориалдық кешен ашылды, онда 36 павлодарлықтың есімдері мәңгі сақталып қалды. Рустам Нажмиденұлының әңгімесін ұйып тыңдап, сұрақтар қойды. - Бұндай кездесулер өскелең ұрпақты тәрбиелеуде үлкен мән береді. Оқушылар жерлес батырлардың ерлігі туралы білді, - деді онлайн сабақты ұйымдастырушы Бахыт Беккожина. |














