Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения23614419
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 4912 15430 35518 23254078 505845 322822 23614419 Ваш IP: 216.73.216.156
Время: 2026-08-26 08:26:07
|
«Мамандықтар әлемін ашамыз» форумы
24 ақпанда М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында «Мамандықтар әлемін ашу» атты аймақтық форум өтті. Форум екі бөлімнен тұрды: біріншісі - номинациялар сайысы, екінші бөлімінде сұхбат форматында өткізілді. Форумға Павлодар облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің алдын-алу және адалдық бөлімінің бастығы Бекжанов Назымбек Алпысбайұлы қатысты. Оқушыларға мамандық таңдауда нені ескеру керек екенін және адамның қандай қасиеттерге ие болатындығын егжей-тегжейлі айтып беріп, өз ісінде үздік болу үшін не істеу керектігін баяндады. Форумның қонағы Кәкім Бәкіжан Берікұлы - SMM маманы, блогер, журналист, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Блог жүргізу және журналистика саласындағы білімімен бөлісті. ZOOM платформасындағы онлайн-форумға облыстың 100-ден астам оқушысы қатысты. «Сұрақ-жауап мезгілі» бөлімінде қатысушылар шақырылған қонақтармен сөйлесті, сұрақтарына жауап алды. Форум соңында ұйымдастырушылар байқаудың қорытындысын шығарып, республикалық байқауға жолдама алған қатысушыларға сәттілік тіледі. Республикалық деңгейде біздің облыстың намысын келесі оқушылар қорғайды: Иманбекова Айым, (ОМЛИОД), Қабышкенов Даниял, Ерқұлова Сабина, (Павлодар қаласындағы №27 мектеп), Нүптеке Иманғали, (Екібастұз қаласы «Зерде») Болат Расул, Болат Мансур, (Ертіс ауданы), Жұмабеков Алишер (Ақтоғай ауданы). |














