Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения18609617
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 2040 16588 62937 18324797 33185 307313 18609617 Ваш IP: 216.73.216.237
Время: 2025-08-03 02:27:51
|
Бір ел- бір отбасы
2020 жылдың 30 қараша күні Қазақстан Республикасының 30-жылдығына арналған «Бір ел - бір отбасы» атты облыстық конкурсы өз мәресіне жетті. Конкурста 46 жас тілші бақтарын сынады. Оның ішінде 10-11 және 12-15 жас ерекшелік санаты бойынша мемлекеттік тілде – 18 оқушы, ал 28 оқушы орыс тілінде жұмыстар жіберді. «Өзекті сұхбат» номинациясы бойынша 29 жұмыс, «Маңызды оқиғалар бойынша үздік репортаж» номинацмясында 17 жұмыс қабылданды. Конкурсқа Ақсу қаласы, Ақсу ауылдық аймағының, Ақтоғай, Баянауыл, Железин, Павлодар ауданы, Тереңкөл, Шарбақты, №7, 11, 22, 25, 34, 43 ЖОББМ, дарынды балаларға арналған облыстық көп салалы лицей интернаты, «Жас дарын», М.М.Катаев атындағы «Қаламгер» баспасөз орталығының оқушылары қатысты. Аталмыш конкурстың қазылар мүшесіне облыстық «Сарыарка самалы» газетінің тілшісі және «Звезда прииртышья» облыстық газетінің тілшісі Зинченко Наталья шақырылды. Қазылар алқасының мүшелері материалдардың аналитикалық деңгейі мен ақпараттардың қанықтығын, объективтілігі мен шынайылығын, авторлық стилі мен тілдік мәдениетін, тақырыпты әзірлеудің бірегейлігін, ұсынылған ақпараттың жаңалығы мен өзектілігін, материалды ұсынудың қолжетімділігін, конкурстың таңдалған жанры мен тақырыбына сәйкестігін бағалады. Конкурс жеңімпаздары: «Өзекті сұхбат» номинациясы бойынша мемлекеттік тілде: «Маңызды оқиғалар бойынша үздік репортаж» номинациясы бойынша мемлекеттік тілде: Жеңімпаздар дипломдармен марапатталады. Жеңімпаздардың сұхбат пен репортаждары «Твой мир – Сенің әлемің» газетінің желтоқсан айының санына шығады. |