Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения21883690
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 3688 10404 59652 21580948 35621 343241 21883690 Ваш IP: 216.73.216.146
Время: 2026-04-04 07:28:50
|
Оқушылар сарайында медиасауаттылық бойынша вебинар-практикум өтті
2020 жылдың 19 қараша күні «Медиасауаттылықты қалыптастыру бойынша жұмысты ұйымдастыру және білім беру процесінің барлық қатысушыларының ақпараттық құзыреттілік деңгейін арттыру» бойынша облыстық вебинар-практикумы өтті. Вебинарға 40-қа жуық мектеп баспасөз-орталығының жетекшілері, аға тәлімгерлер, мектеп ішінде БАҚ-на жауапты ұстаздар қатысты.
Оқушылар сарайының медиа орталығының қызметі және Облыстың білім беру мекемелерінде баспасөз орталықтарымен ынтымақтастық туралы әдіскер Татьяна Суворова баяндады. Оқушылар сарайының педагогтері Асем Аипова мен Даулет Даирбаев «Жас тілшілерді сұхбатқа дайындау» және «Репортаж жасаудың алгоритімі» жайлы шеберлік-сынып өткізді.
Жас тілшілермен жұмыс жүргізудегі тәжірибелері туралы Железинка ауданының өнер мектебінің «Жас тілші» үйірмесінің жетекшісі Алтын Булатбаева және Павлодар қаласы №43 ЖОББМ-нің жас тілшілер үйірмесінің жетекшісі Татьяна Шувалова баяндап берді. Вебинар қатысушылары баяндамалардың мазмұнының тереңдігін және шеберлік-сабақтардың құндылығын атап өтті. |














