Антикоррупционная службаКолл центр 1424
Дворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения24690930
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 19574 21605 19574 24448750 99043 375807 24690930 Ваш IP: 216.73.216.157
Время: 2026-11-09 17:49:11
|
Алтын орданың өркендеу кезеңі
2019 жылдың 4 желтоқсан күні «Алтын Орданың өркендеу кезеңі» атты №11, 41, 39 ЖОББМ-не арналған тарих сабақтары өтті. Сабақтың қонақтары археолог, ПМПУ-дегі Алкей Марғұлан археологиялық орталығының ғылыми қызметкері Татьяна Николаевна Крупа және №18 орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі Асхат Смағұлұлы Мұқанов болды. Олар Алтын Орданың өркендеу кезеңдері мен ескерткіштері, зерттеудің нәтижелері туралы әңгімеледі. Археологиялық экспедицияда бай әйел атанған Болған Ана кесенесінің зираттарын тапқандарын мәлімдеді. Табылған заттардың ішінде жақсы сақталған маталар да бар. Балалар археологтардың жұмысы туралы, 2018 жылы қазба жұмыстары кезінде табылған киімдер мен технологиялық зерттеулердің қалай жүргізілетіндігі, алынған материалдарды тазарту және сақтау туралы білді. |














