Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения15764993
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 4945 9806 34490 15471449 419356 367126 15764993 Ваш IP: 18.191.171.86
Время: 2024-12-25 09:34:53
|
Қысқы қызықты демалыс
Қысқы демалыс мезгілінде 9 қаңтар күні Облыстық Оқушылар сарайының «Рухани жаңғыру» кабинетінде «Ұлы даланың ұландары» атты интеллектуалды сайысы өткізілді. Сайыстың басты мақсаты оқушыларға қазақ халқының тілін, тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін насихаттау, патриоттық тәрбие беру. Сайысқа Павлодар қаласының Қалижан Бекхожин атындағы мектебінің «Алаш» тобы, №2 ЖОББМ-нен «Көшпенділер» тобы, №7 ЖОББМ-нен «Достық» тобы қатысты. Сайыс жеті кезеңді қамтыды. Командалар өз топтарын таныстырып, ұлы даланың жеті қыры бойынша сұрақтарға жауап берді, арнайы дайындалған карточкалардан ұлттық ат-спорт ойындарын таба білді. Ойынның «Кім жылдам» кезеңінде «Ұлы даланың есімдері» бойынша білімдерін кеңейтті, ал «Сандар сөйлейді» кезеңінде егемен еліміздің тарихына, айтулы даталар бойынша сқрақтарға жауап берді. Сайысқа қатысушылар жергілікті ақын-жазушылардың өмірі мен шығармашылығын зерделеп мерейтой иелерімен танысты. «Өнер алды – қызыл тіл» кезеңінде мақал-мәтел жарысынан үздік білімдерін көрсетті. Әділ-қазылардың шешімі бойынша бірінші орынды Павлодар қаласының №7 мектебінің оқушылары «Достық» тобы иеленді. Ал екінші орынды № 2 мектептің «Көшпенділер» тобы жеңсе, Қалижан Бекхожин атындағы мектептің «Алаш» тобы үшінші орынды қанжығасына байлады. - Сайыста оқушылар «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын зерделеп, жергілікті ақын-жазушылардың, мерейтой иегерлерінің өмірі мен шығармашылығына тоқталды. Тәуелсіз Қазақстанның тарихына шолу жасады. Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан тұтатын халықтың болашағы зор. Қазіргі өскелең ұрпақ өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білетін жастар болу керек, - деді Оқушылар сарайының әдіскері, сайыс ұйымдастырушысы Асем Аипова. |