Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения15099633
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 3477 9608 61682 14727551 121122 453407 15099633 Ваш IP: 3.129.72.26
Время: 2024-11-10 06:27:18
|
Археологиялық пайдалы қазбалар оқушылардың қолында
«Рухани Жаңғыру» кабинетінде 15 мамыр күні Қазақстанның танымал археологы, «Алтын адамды» ашқан Кемал Ақышевтың 95 жылдығына арналған «Табысты археологтың жетістіктері» атты ақпараттық сағат өтті. Кемал Ақышев – ғұлама ғалым, құпиясы мол тарихқа жауап іздеген адам. Ол археология саласын өз өмірін арнады, бұл сала арқылы Кемал Ақышев танымал атанды. Ғалымды шынымен табысты адам деп айтуға болады, себебі оның басшылығымен әлемдік тарихқа аты шыққан ескерткіштер табылып, Қазақстан әлемге әйгілі болды. Бұл сабаққа «Samrug Company PV» орталығының директоры Лампартер Э.Э. және №18 ЖОМ-нің тарих пәнінің мұғалімі Муканов А. С. болған еді. Олар ғұлама археологтың өмірі мен қызметіне терең тоқталды. Кемал Ақышевтың қызметі туралы оқушыларға фильм көрсетілді. №7 және №42 ЖОМ-нің оқушылары орта ғасырдың, Алтын орданың, Ресей империясының, 19 ғасырдағы Италия елінің тиындарын және Скиф-Сақ дәуірінің қола жебесінің ұштығы және басқа артефакттарды өз қолдарымен ұстап көрді. - Бұл кездесу танымдық болды. Оқушылардың қызығушылықтары артып, кейбір балалар болашақта өз өмірлерін археология саласымен байланыстырғысы келді, -деді әдіскер Бахыт Беккожина. |