Антикоррупционная службаКолл центр 1424
Дворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения24690984
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 19628 21605 19628 24448750 99097 375807 24690984 Ваш IP: 216.73.216.157
Время: 2026-11-09 17:51:17
|
«Жас Ұлан» қатарына көшбасшылар қабылданды
Қазақстан Халықтар бірлігі күні қарсаңында Оқушылар сарайында 29 сәуір күні «Жас Ұлан» балалар-жасөспірімдер облыстық штабы «Жас Ұлан» және «Жас кыран» қатарына көшбасшыларды қабылдап, «Жастар жолы» патриоттық акциясын ұйымдастырды. Бұл шараға 327 адам қатысқан болатын. Салтанатты жиынға балалар қозғалысының ардагері Надежда Фирсова және «Жасыл ел» Павлодарлық штабының басшысы Ризат Рахимжанов қатысты.
Бұл күні Павлодар облысының мектептерінен балалар-жасөспірімдер ұйымына 1200 оқушы қабылданды. - Бүгін біз «Жас Ұлан» қатарына өттік, бұл өте қуанышты сәттердің бірі. Біз сыныбымызбен әр-түрлі іс-шараларға қатысып, түрлі сайыстарда бағымызды сыңаймыз. Біз еліміздің болашақ жастарымыз, біз өз еліміздің патриоттары болуымыз керек, -деді жасұландықтар. |














