Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения15744983
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 14480 15540 14480 15471449 399346 367126 15744983 Ваш IP: 3.143.241.205
Время: 2024-12-23 18:03:16
|
"Жас Ұлан" облыстық штабының қызметкерлері әдістемелік көмек көрсетті
26 наурыз күні М.Катаев атындағы оқушылар сарайының "Жас Ұлан" облыстық штабының қызметкерлері Аққулы ауданына әдістемелік көмекпен барып қайтты. Бұл шараны Оқушылар сарайының педагогтары екінші рет өткізіп отыр. Педагогтарға, тәлімгерлер мен "Адал ұрпақ" клубының жетекшілеріне, "Жас Ұлан" ұйымы көшбасшыларына әріптестік көмек көрсету, тәжірибе алмасу мақсатын көздеген делегация құрамында алты әдіскер болды. Олар "Тиімді көшбасшылық шеберханасы" тақырыбы аясында "Құқықтық тәрбие беру шеңберінде мектепте құқықтық кеңістікті құру", "Табысқа жетудің жеті қадамы», "Тапқыр болсаң, озып көр", "Ресми ақпарат бейресми форматта", "Мамандық таңдаймын", "Мен құқылымын" сынды тренингтер мен шеберлік сабақтарын 100-ге жуық балаға өткізді. Аудан мектептерінен жиналған шәкірттер өзі қалаған секцияға қатысып, біліктілігін арттырды. Ал 1,5 сағатқа созылған параллельді сабақтардан соң, оқушылар табыс баспалдағындағы өз орнын көрсетіп, тренерлерге кері байланыс ұсынды. Сонымен қатар делегаттар Аққулы ЖОББ мектебінде ғана бар мұражайды тамашалап, оқушылар жасаған инттелектуалды аллеяны аралады. Қазіргі таңда, аталған мектепте 400-ден аса бала білім алады. - Бүгінгі әдістемелік күн мектеп оқушыларының көңілдерінен шықты. Оларға жас тілшілер мектебі, құқық сабақтар қатты ұнап, болашақ мамандықтарына жол таңдады, - дейді «Жас Ұлан» облыстық балалар-жасөспірімдер ұйымының аймақтық хатшысы Самал Сүлейменова. |