Антикоррупционная службаКолл центр 1424
Дворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения24691034
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 19678 21605 19678 24448750 99147 375807 24691034 Ваш IP: 216.73.216.157
Время: 2026-11-09 17:54:38
|
Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Айман Зейнуллинамен кездесу өтті
2018 жылдың 11 желтоқсан күні Оқушылар сарайында филология ғылымдарының кандидаты, профессор, С.Торайғыров атындағы ПМУ-нің қазақ тілі және журналистика кафедрасының меңгерушісі, 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының қатысушысы Айман Файзоллақызы Зейнулинамен кездесу өтті.
Кездесуге «Жас дарын», Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектептің оқушылары, жас тілшілер мен олардың ата-аналары қатысты. Шара басында Оқушылар сарайының «Жас екпін» үлгілі домбыра ансамбілі «Көңіл ашар» күйін орындап, 1986 жылы желтоқсан көтерлісі туралы деректі фильмді тамашалады. Айман Файзулловна өзінің өмірбаяны, ғылыми-зерттеу жұмыстары мен оқытушылық қызметі туралы баяндап берді. Сонымен қатар Айман апай 1986 жылы желтоқсан айында болған көтерілістің қиын-қыстау кезеңін әңгімелеп беріп, одан кейін оқушылар назарын жуырда шыққан Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласына аударды. Оқушыларға ана тілін қастерлеп, қазақ елінің салт-дәстүрін жақсы біліп, өз еліне қажымай еңбек етулеріне тілек білдірді. Ал оқушылар болса Айман Зейноллақызын бар ынталарымен тыңдап, сұрақтар қойды. Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектептің оқушылары өз қалам ұшынан шыққан Отан, Тәуелсіздік туралы кермет өлеңдер оқып, барлық оқушылардың көңілдерінен шықты. Кездесуді «Қаламгер» баспасөз орталығы дайындап, жас тілші Бахтияр Даниялов пен жетекшілері Асем Аипова жүргізді. |














