Антикоррупционная службаКолл центр 1424
Дворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения24692302
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 20946 21605 20946 24448750 100415 375807 24692302 Ваш IP: 216.73.216.157
Время: 2026-11-09 18:43:11
|
Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы облыстық семинарда талқыланды
2018 жылдың 29 қараша күні М.М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайында «Ұлы даланың жеті қыры» атты Елбасының мақаласындағы негізгі бағыттарын іске асыру бойынша мектеп мұражайларының жұмысын ұйымдастыру» аты облыстық семинар өтті. Семинарға әдіскерлер, мектеп мұражайларының жетекшілері, тарих, география, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері және аға тәлімгерлер қатысты. Мақала бой ынша С.Торайғыров атындағы ПМУ-нің «Қазақстан Тарихы» кафедрасының профессоры А.Д.Азербаев, Г.Потанин атындағы тарихи-өлкетану мұражайының өлкені тарихпен қамтамассыз ету ғылыми-зерттеу бөлімінің маманы Д.К. Опабекова, Баянауыл ауданы Ш.Айманов мектеп-интернатының тарих пәні ұстазы А.С. Бейсекеев және Павлодар қаласының № 18 ЖОМ-нің тарих пәнінің ұстазы А.С. Муканов өздерінің көзқарастарын тұжырымдап айтып берді. Семинардың практикалық кезеңінде қатысушылар еліміздің тарихын мәдениетін, ұлтымыздың салт-дәстүрлерін тыңғылықты талқылап және «Ұлы даланың жеті қыры» атты Елбасының мақаласы аясында мектеп мұражайларын ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулықтарды әзірледі. Семинар қатысушылары семинардың өте зор маңыздылығын атап өтіп, сертификаттарға ие болды.
|














