Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения16881830
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 5215 14492 45626 16552411 228275 334233 16881830 Ваш IP: 18.191.192.225
Время: 2025-03-14 12:16:23
|
Оқушылар сарайының тәрбиеленушілері « ҰЛЫ ДАЛА» этнофестиваліне қатысты
М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының тәрбиеленушілері мен педагогтары 3-5 тамыз аралығында үшінші жыл қатарынан дәстүрге айналған Ертіс-Баян өңірінде өткен «Ұлы дала елі» Халықаралық этнофестиваліне қатысты. Аталмыш шарада «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Елордамыздың 20-жылдығына арналып, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 125 жылдығы, Естай Беркімбаевтың 150 жылдығы, Мәшһүр Жүсіптің 160 жылдығы, Мұса Шормановтың 200 жылдығы және Бұқар жыраудың 350 жылдығы аталып өтілді.
Оқушылар сарайының көркемөнер бөлімінің жас өнерпаздары «Ұлы дала елі» этнофестиваліне арнайы дайындаған ән ме биден құралған 60-қа жуық нөмір көрсетті. Атап айтатын болсақ, «Вдохновение» үлгілі би ансамбілінің «Балбраун» биі, «Жас Екпін» үлгілі домбыра ансамбілінің триосының «Еркесылқым» күйі, «Айдарай» вокал студиясының «Әдемі - ау» тобы «Туған жер» әні және «Арман-шоу» театр-студиясының вокал тобы «Қазақ елім» әні, «Свет звезды» үлгілі ән-театрының «Қазағым-ай» әндері жиналған қауымның көңілінен шықты. Ал эстетика бөлімінің педагогтары фестивальге жиналған балаларға аква-гримм жасап, сурет салуды үйретіп, сылақ фигураларынан әдемі мүсіндер жасап қуантып жатса, Оқушылар сарайының педагогтары балалармен халқымыздың ұлттық ойындарын ойнап, ертегі кейіпкерлерінің киімдерін киіп жиналаған балдырғандармен ойын-сауық құрды. Болашақ жастарымыз «Ұлы дала» этофестивалінде қазақ халқының салт-дәстүрімен терең танысып, мәдениеті мен тарихына сыр шертіп, рухани азық алды. |