Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения24467987
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 1365 8566 70534 24148758 251907 527623 24467987 Ваш IP: 216.73.216.219
Время: 2026-10-18 03:11:23
|
Сакралды орындарға саяхат
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының әдіскерлері Бахыт Беккожина, Данагуль Бисенова және Айгерым Оразбаева 5 сәуір күні «Киелі Ертіс өңірі: тарихқа оралу» атты шара өткізді.
Шараға «Ориентир» клубының 13 тәрбиеленушісі қатысты. Балалар Павлодар облысы бойынша сакралдық орындарға байланысты интербелсенді навигаторды зерттеп, саяхатшылардың ролін сомдады. Олар көріп-білгендерін «саяхатшылардың қойын дәптеріне» жазып, кейін облысымыздың аудандарын әдемі коллаждар жасап сурет салды. Шараның соныңда балалар облысымыздың орталығы Павлодар қаласында кездесіп, «Гусиный перелёт» киелі жеріне тоқтап, туған жердің сакралды орындарын бір картаға салды. |














