Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения15763689
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 3641 9806 33186 15471449 418052 367126 15763689 Ваш IP: 18.222.184.207
Время: 2024-12-25 07:42:29
|
Жазушымен жүздесу
2018 жылдың 16 наурызында М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында әр жылдары Павлодар облыстық телерадио компаниясында редактор, «Сарыарқа самалы» газетінің тілшісі болған, «Найзатас» газетінің шолушысы, облыстық «Қазақ тілі» қоғамының «Ертіс дидары» газетінің редакторы, журналист, ақын, қоғам қайраткері Арман Қанимен кездесу өткізілді. Аталмыш кездесу жуырда ашылған «Рухани жаңғыру» кабинетінде Оқушылар сарайының әдіскері Әсем Аипованың ұйымдастыруымен өткен болатын. Қоғам қайраткерімен кездесуге Оқушылар сарайының «Қаламгер» студиясының жас тілшілері, Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық дарынды балаларға арналған гимназия оқушылары, «Луч» шығармашылық бірлестігінің тәрбиеленушілері жиналды. Шара барысында оқушылар теледидардан Арман Қанидің балалық шағынан бастап, қазіргі таңға дейінгі фотосуреттерден құрылған слайд бағдарламасын тамашаласа, ал Арман аға суреттерге пікір білдіріп отырды. Арман ағаның мазмұнды әңгімесі жас тілшілердің сұрақтарынан өрбіді. Оқушылар жазушының мектеп қабырғасында оқып жүргенде сабақ үстінде отырып, өлең жазуды ұнататының, Мәди Бәпиұлының «Қарқаралы» атты өлеңдерін жас кезінде сүйіп оқығандығын білді. Жаяу Мұсаның жиеншары Арман Қани, оның «Ақ сиса» атты өлеңдерімен өскенің айтып берді. Сонымен қатар мектепте оқып жүргенде ата-бабаларымыз секілді тәуелсіздікті аңсаған жас патриот Арман оқушы Павлодар қаласының №3 мектеп-интернатынан ұлтшыл жасөспірімдердің «Жас ұлан» атты жасырын саяси ұйымын құрып, жұртшылықты кеңестік отаршылдыққа қарсы бас көтеруге шақырған өлеңдер жазып, үнпарақтар таратқанын оқушыларға айтып беріп, тіпті мектептен қуылғанын жасырмады. Оқушылардың сұрауы бойынша ақын «Тылсым түндер» деген шығармасын жатқа оқып берді. - Балалар сендер біздің батыр бабалар көрмеген, кезінде елі үшін, жері үшін күрескен, Тәуелсіздікті аңсап өткен ата-бабалардың ұрпақтарысыңдар. Батыл жүрек, қайсар азамат болыңдар! Осындай заманауи «Рухани жаңғыру» кабинетінде, білім алып отырған нағыз бақытты балалық шақта өмір сүріп жатырсыңдар! Ана тілін сүйіндер, бабалар қалдырған туған жерді қастерлеңдер, туған тілге құрмет көрсете біліңдер! – деп, Арман Қани оқушыларға ақ тілегін білдірді. «Біз жастарымыз бағыт алып, бой түзеуге тиіс өз заманымыздың жаңа қаһармандарын көрсету және жасауымыз керек», - деп Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтқан болатын. Осы негізде өткізілген әрі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған шараның жастарға берері мол болды. Кездесу соныңда оқушылар естелікке суретке түсіп, қолма-қол Арман ағаға суреттерін табыстады. |