Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения16881394
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 4779 14492 45190 16552411 227839 334233 16881394 Ваш IP: 3.144.132.48
Время: 2025-03-14 11:20:25
|
Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы
Ағымдағы жылдың 7 ақпан күні Оқушылар сарайының кіші залында «Барлығы отбасынан басталады» атты балалар қоғамдық қабылдауы өтті. Шараның мақсаты Павлодар қаласының мектеп оқушыларына отбасы, жанұя туралы білімдерін шыңдай түсе, отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу. Бұл күнгі іс-шараға Павлодар қаласының әлеуметтік бейімдеу орталығының психологы Динара Дженалинова қатысты. Ол оқушыларға тренинг-сабақ жүргізіп, 2013 жылдың 1 наурызында елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың кәсіби мерекелердің қатарына жаңа мерекенің енгізуіне бұйрық жасағаның айтып берді. Осылайша қыркүйек айының екінші жексенбісінде Қазақстанда Отбасы күні тойланатын болды. Динара Жановна тренинг барысында «Ассоциации», «Дерево семейных ценностей» және «Джеффа» ойындарын ойнау арқылы отбасы - адамзат баласының түп қазығы, алтын ұясы екендігін түсіндіруге тырысты. Оқушылар отбасының басты құндылықтарын біліп, отбасының дәстүрлеріне баса назар аударды. - Отбасының негiзгi қызметі баланы өмiрге келтiру ғана емес, оның бойына көне заманнан келе жатқан ұлттық тәрбиенің тағылымдары мен аға ұрпақтың тәжiрибесiн сiңiру, қоғамға пайдалы жеке тұлға етiп тәрбиелеу болып табылады. Ата-ананың өз борышын мүлтiксiз орындауы – үлкен тәрбие мектебi. Осылайша, адамға тән рухани-адамгершілік сапа-қасиеттерді қалыптастырып, дамытудың негізі ең алдымен отбасында қаланады, - деп пайымдады Динара Дженалинова. Бұл күнгі шараға Павлодар қаласының № 6, 18, 21, 34, 42 мектептерінен 53 оқушы және 5 ұстаз қатысты. |