Мы в соцсетях 

 facebook ok vk youtube

Антикоррупционная служба 

Колл центр 1424

Дворец школьников 

Облако тегов 

Наши посещения 

12900436
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В этом месяце
За прошлый месяц
За все дни
21777
18906
79109
12623686
218889
375712
12900436

Ваш IP: 18.218.172.249
Время: 2024-04-27 21:24:15

Табысқа жетудің кілті – шығармашылық

Залог успеха – творческий подход Залог успеха – творческий подход
Залог успеха – творческий подход Залог успеха – творческий подход

Оқушылар сарайында 6-7 ақпан күні «Балалар мен жасөспірімдердің қосымша білім берудегі ең үздік авторлық бағдарламасы» атты облыстық жобалардың бірінші кезеңі өтті.

Шығармашылық додаға павлодарлық №№ 9, 19, 22 мектептердің қосымша білім беру педагогтары, Павлодар қаласының №126 балабақшаның тәрбиеленушілері, «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубының студия жетекшілері және М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайы мен Экология мен туризм орталығының педагогтары қатысты.

Облыстық білім беру мекемелері атынан – Успен ауданы Таволжан мектебінің педагогтары, Қашыр ауданының Оқушылар үйі, Баянауыл ауданы Ш.Айманов атындағы мектеп-интернатының және балалар шығармашылық үйінің педагогтары қатысты.

Сараптамалық кеңестің шешімі бойынша конкурстың екінші кезеңінде өз шеберліктерін сегіз педагог қорғайтын болады. Шығармашылық байқаудың екінші кезеңіне Павлодар қаласы № 126 сәбилер бақшасының педагогтары Шакенова Гульжихан Умутоллавна және Совцова Жанна Валерьевна, Қашыр ауданы Оқушылар үйінің қосымша білім беру педагогы Дикова Наталья Анатольевна, экология мен туризм орталығының педагогы Зяблицева Олеся Леонидовна, павлодарлық №9 және №19 мектептердің ұстаздары Моцепуро Наталья Михайловна мен Серикбаев Алмас Сансызбайұлы, «Жігер» клубының педагогы Сулейменова Гульмира Бекетовна, Оқушылар сарайы әдеби-шығармашылық студиясының жетекшісі Ешимкулов Жаксыбек Махаматкулович өткен болатын.

Бұл конкурстың мақсаты білім беру бағдарламаларын жетілдіру, шығармашылық мұғалімдерді анықтауға жағдай жасау, балалар мен жасөспірімдерге қосымша білім беру мазмұнын жаңарту үшін үздік педагогикалық идеяларды іздеу және тарату.

Жобаның екінші кезеңі Оқушылар сарайында 1-ші наурыз күні өтеді. Бұл күні финалисттер конкурстық жұмыстарын қорғайтын болады.

Добавить комментарий