Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения22947395
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 4087 9293 50236 22681849 161643 270568 22947395 Ваш IP: 216.73.216.37
Время: 2026-07-18 10:49:21
|
Еліміздің бір топ ұстаздары Оқушылар сарайында қонақта болды
Қазақстанның жаңғыруы 3.0 – білімнің үлесі» тақырыбындағы білім беру қызметкерлерінің республикалық педагогикалық кеңесін өткізу шеңберінде Павлодар қаласында 2017 жылғы 15 тамызда «Білім беру жүйесінде кадрлармен қамтамасыз етудің негізгі стратегиялық бағдарлары: жетістіктер мен перспективалар» секциялық кеңесі өткізілген болатын. Аталмыш Республикалық іс-шара төңірегінде еліміздің бір топ педагогтары М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайымен танысу мақсатында экскурссияға келген болатын. Оқушылар сарайының басшысы Алма Ерубаева келген қонақтарға «Қосымша білім беру жүйесінің жаңа технологиялары» атты қызықты презентациясын ұсынса, Оқушылар сарайының педагогтары Е.Вайберт және А.Аипова ұстаздарға Сарай бойынша танымдық экскурссия жүргізді. Оқушылар сарайына келген еліміздің ұстаздар қауымы, Сарайдың астрономиялық бөліміне, жаңа технологияларға сай жабдықталған зәулім білім ордасына ерекше қызығушылықтарын білдірді. Іс-шараға Қазақстанның барлық облыстарынан 40-тан астам педагог, әдіскер, білім беру басқармасының мамандары қатысты. |














