Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения15738158
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 7655 15540 7655 15471449 392521 367126 15738158 Ваш IP: 3.139.86.74
Время: 2024-12-23 10:08:03
|
Омбудсмендер үшін құқық бойынша сабақтар өткізілді
2017 жылдың 5 мамыр күні Оқушылар сарайында облыстық мектеп омбудсмендері үшін «Омбудсмен күні» өткізілді. Заң білгірлер күніне Баянауыл ауданының Ш. Айманов атындағы ЖОББ-интернаты және С. Торайғыров атындағы ЖОББМ, Павлодар ауданының Ямышев, № 2 ЧЖОББМ, Шарбақты ауданының Назаровка ЖОББМ, Қашыр ауданының Байқоныс және А.Н. Елгина атындағы № 1 ЖОББМ, Лебяжі ауданының Жамбыл, Абай, Потанин ЖОББМ, Павлодар қаласының № 6, 13, 14, 15, 17, 25, 26, 35, 37, 40, Жетекші ЖОББМ омбудсмендері қатысып, заң және құқыққа байланысты білімдерін толықтырды. Оқушылар сарайының әдіскері Динара Жаканова омбудсмендерге «Біз және заң» құқықтық білім беру бойынша ойын ұйымдастырды. Оқушылар алты бекеттен құралған қызықты ойынның тапсырмаларына жауап беріп, заң бойынша білімдерін нығайтты. Балаларға құқық жайлы әртүрлі сұрақтар, тапсырмалар берілді. Жалпы сабаққа 35 оқушы, 10 педагог қатысты. - Бұл сабақтар арқылы оқушылар өздерінің азаматтық көзқарастарын, құқықтық және рухани мәдениетін қалыптастырады және құқықтық сауаттылықтарын дамытады, - деп тұжырымдады Оқушылар сарайының әдіскері Динара Жаканова. Омбудсмендер күні Оқушылар сарайында 2017 жылдың қаңтар айынан бастап өткізіліп келе жатыр. |