Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения18219925
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 2064 14537 53222 17933280 331363 340041 18219925 Ваш IP: 216.73.216.64
Время: 2025-06-27 03:30:52
|
Баршамызға жаз келді
2016 жылдың жаз айы психо-неврологиялық орталығының балалары үшін өте көңілді өтті. Балалар орталығының мейірімді еріктілері арнайы білім беру балалары үшін жазғы мектепті өткізу үшін өз көмектерін аямады. Психо-неврологиялық орталығының балалары үшін арнайы сабақтар М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының «Шуақты жаз – Радужное лето» жазғы экспрессінің шеңберінде өткізілді. Балалар орталығының басты еріктісі Нариман Әбілманның айтуы бойынша, - Біз бітімгерлерміз, - сондықтан арнайы білім беру балаларына қызықты ойындар жүргізіп, жаз мезгілдері қызықты болсын, деп ойладық. Біздің басты мақсатымыз бұл балаларға экологиялық тәрбие беру. Біз тұрмыста пайдалануға келмейтін материалдарды қолданып, әр түрлі шебер-сыныптар, тренингтер ұйымдастырдық. Сонымен қатар бұл саусақтардың ұсақ моторикасын дамытып, шығармашылық ойлауды жақсартады.
Балалар бейбітшілік орталығының жетекшісі Самал Сүлейменованың айтуы бойынша сабақта қолданылған барлық ойындар, шебер-сыныптар әр баланың жеке қабілеттеріне сай дайындалды. - Маған Оқушылар сарайына барған өте ұнайды,- дейді психо-неврологиялық орталығының тәрбиеленушісі Владимир Синяк, - әсіресе Тотошка есімді сайқымазақпен ойнап, бос уақытымды өте қызықты өткіздім дейді. Арнайы білім беру мүмкіндіктері бар балалардың барлық қабілеттері еске ала отырып, жазғы лагерьдің бағдарламасы мультфильмдерді тамашалау, релакс-терапия, тұрмыста пайдалануға келмейтін материалдарды қолданып, спорттық ойындар мен флешмобтар ұйымдастырылды. Бұл бағдарламаның жұмысында 32 бала қатыса алды.
|