Мы в соцсетях 

 facebook ok vk youtube

Антикоррупционная служба 

Колл центр 1424

Дворец школьников 

Облако тегов 

Наши посещения 

12961941
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В этом месяце
За прошлый месяц
За все дни
1724
8471
33922
12665085
14739
265655
12961941

Ваш IP: 3.139.107.241
Время: 2024-05-03 08:02:51

Балалардың құқық жайлы айту құқықтары бар

Дети вправе говорить о праве Дети вправе говорить о праве
Дети вправе говорить о праве Дети вправе говорить о праве

19 мамыр күні М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында Павлодар облысының білім беру басқармасының бастамасымен мектеп омбудсмендері арасында облыстық сайыс өткізілді. Қалалық, аудандық  «Жас Ұлан» балалар-жасөспірімдер ұйымдарынан 12 жас құқықтанушылары  сайыс қатысушылары атанды. 

«Школьный омбудсмен - Үздік Ұлан» сайысының күндізгі кезеңінде қатысушылар үш рет жұрт алдыңда сөз сөйледі. Біріншіден сайысқа қатысушылар өздерін және қызметтерін баяндап, «Таныстыру» атты бірінші турда өз жұмыстарының  нәтижесін көрсетті. Мектеп омбудсмендері теориялық білімдерін  «Конвенцияның қорғауында» атты сайыс байқауында тәжірибе жүзінде тексеріп, қолдана алды. Содан соң, сайыскерлерге бала құқығын сақтау туралы үндеуімен  өз құрдастарына, қоғамға, ата-анасына сөз сөйлеу мүмкіндігі ұсынылады.  «Еркін микрофон» сайысы  байқаудың  қортынды кезеңі еді.

Дети вправе говорить о праве Дети вправе говорить о праве
Дети вправе говорить о праве Дети вправе говорить о праве

- Қазіргі таңда балалар, құқықтар мен міндеттер туралы өте көп талқылайды. Біз біріншіден «Школьный омбудсмен - Үздік Ұлан»  сайысы арқылы мектеп ішінде құқықтық мәдениетті көтеру үшін балаларға қандай көмек жасалып, жағдайлардың бар екенің білу үшін ұйымдастырдық, - деді, Оқушылар сарайының әдіскері Динара Жаканова.  Екіншіден, мектеп оқушыларының құқықтарын қорғау және сақтау бойынша жақсы жарнама болды.

Облыстық сайыс-байқауының жеңімпазы Павлодар ауданы Ямышев ЖОМ-нің 10 сынып оқушысы Болатхан Серікбол атанды. II орынды екі қатысушы иеленді. Олар: Ақсу қаласы №4 ОМ-нің  10 сынып оқушысы Чанчина Татьяна, Железин ауданы №2 ЖОМ-нің 9 сынып оқушысы Крестьянинова Александра. III орынды Екібастұз қаласы С.Торайғыров атындағы №22 мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы Ғазиз Даурен және Баянауыл ауданы Үшқұлын ЖОМ 8 сынып оқушысы Сағынтай Назгүл бөліп алды.

Облыстық сайыс кезеңінің жеңімпазы Павлодар облысын республикалық мектеп омбудсмендері сайысында таныстырады.

 

Добавить комментарий