Антикоррупционная службаКолл центр 1424
Дворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения24691048
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 19692 21605 19692 24448750 99161 375807 24691048 Ваш IP: 216.73.216.157
Время: 2026-11-09 17:55:32
|
Сарай күні
Павлодар қаласының Оқушылар сарайы балалар қауымынан бір босаған емес. Мереке күндері Сарайдың алаңы көркейіп, қуанышқа толы болады. 13 қыркүйек күні М.Катаев атындағы Оқушылар сарайы өз достарын жаңа оқу жылына арналған салтанатты мерекеге жинады. Бұл күнгі концерт «Балалықтың таңғажайып әлемі» деп аталды. Салтанатты мереке шынымен таңғажайып еді. Оқушылар сарайының сахнасы алдымен екі шығармашылық дуэтпен жарқырай түсті. «Блэйз» эстрадалық би студиясы «Жас екпін» домбыра ансамбілінің сүйемелдеуімен қазақ биін барша жұртқа паш етті. Ал «Свет звезды» ән театрының тәрбиеленушісі, әрі «BALA Turkvisyon-Қазақстан» конкурсының финалисті Тамила Рахимбаева «Арманға сенемін» әнің орындап берді. Оқушылар сарайының директоры Алма Жұмабайқызы Ерубаева жиналған қауымды жаңа оқу жылының басталғанымен құттықтап, шығармашылық табыс тіледі. «Дебют» вокал студиясы, «Вдохновение» үлгілі би ансамбілі, «Арман-шоу» ән-театр студиясы, «Жас дәурен» вокал студиялары келген қонақтарға ән мен күйлерін сыйлыққа тарту етті. «Анастасия» спорттық-би клубы жиналған қауымды «Джайв» атты тамаша билерімен бір дүркіретті. Жүргізушілер Оқушылар сарайының шығармашылық студиялары мен жетекшілерін таныстырып өтті. Іс шараның ресми бөлімі аяқталған соң, жиналған қауым үйірмелердің сабақ кестесін білу үшін кабинеттерге тарасты. |














