Мы в соцсетях 

 facebook ok vk youtube

Антикоррупционная служба 

Колл центр 1424

Дворец школьников 

Облако тегов 

Наши посещения 

12964719
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В этом месяце
За прошлый месяц
За все дни
4502
8471
36700
12665085
17517
265655
12964719

Ваш IP: 3.141.24.134
Время: 2024-05-03 18:50:44

Жерорта теңізінің аңызы

Легенда Средиземноморья Легенда Средиземноморья

М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайының «Блэйз» үлгілі эстрадалық би студиясы Испания елінде өткен, «Легенда Средиземноморья» атты Халықаралық фестиваліне қатысып, үш рет бірінші орынға ие болды, жетекшілері Любовь Корнюхина және Ирина Руденко. Фестивальге Малазия, Ресей, Испан, Қазақстан, Болгар елдерінің би ұжымдары қатысты.

Бұл фестиваль-конкурс Барселона – Коста Брава, Испания – Канны – Ницца, Франция – Монте-Карло, Монако – Сан-Ремо, Италия бағыттары бойынша өтті. Фестиваль бағдарламасы өзінің көлемдігі және қанықтығымен бірегей болды. Жас өнерпаздар көрермендерге өздерінің шеберлігін көрсетіп қана қоймай сонымен қатар Испания, Франция, Италия және Монако князьдігінде болып қайтты.

Легенда Средиземноморья Легенда Средиземноморья

«Блэйз»  үлгілі эстрадалық би студиясы – эстрадалық би (MIXTA) аралас категориясы номинациясы бойынша сайысқа қатысты. Жоғарғы жасөспірімдік топ халық биі және эстрадалық биі номинациясы бойынша қатысты. Павлодарлықтар европалық көрермендерге «Эхо песков», «Солнечный берег», «Свободный полёт», «Танец степей» атты бірнеше би копозицияларын ұсынды. Орта және кіші топ «Ласточки» және  «Капельки» атты билерін сайысқа алып келді.

Легенда Средиземноморья Легенда Средиземноморья

Барлық ұжым қатысқан, 30 адамнан тұратын «Дрессировщица» атты биі сайыста бұқаралық болды. Конкурс пен фестивальдің қосылу  тұтастығы экскурсияларға қатысу басқа елдің мәдениетімен танысу, осы халықаралық іс-шараның ахуалына бөлену, шебер-сыныптарға, сайыскерлерге арналған викториналармен дискотекаларға қатысу,  басқада өз ісінің шебер тұлғаларынан тәжірибе жинақтауға керемет мүмкіндік береді.

Добавить комментарий