Мы в соцсетях 

 facebook ok vk youtube

Антикоррупционная служба 

Колл центр 1424

Дворец школьников 

Облако тегов 

Наши посещения 

12968307
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В этом месяце
За прошлый месяц
За все дни
2082
6008
40288
12665085
21105
265655
12968307

Ваш IP: 3.12.162.179
Время: 2024-05-04 09:01:34

«Түрлі түсті ел»

«Түрлі түсті ел» «Түрлі түсті ел»

16 мамыр күні М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар Сарайында  «Түрлі түсті ел» атты «Дебют» авторлық студиясының есеп беру концерті өтті. «Тен-тек», «Айдарай», «Радуга», «Баурсак» атты кіші, орта және жоғары топтың әншілері өзіндік репертуарымен, керемет костюмдерімен, шебер орындауларымен тыңдаушыларды таң қалдырды.

Бұл сахналық орындауға балалар жыл бойы дайындалды. Олар әндерді жеке және ансамбльде орындап қатты қобалжыды, өйткені бұл қойылымға жас әншілердің шығармашылық қабілеттерін тамашалау үшін олардың ата аналары достары келді.

Әншілердің марапат қоржынында шығармашылық жетістіктері өте көп. 2014 жылы Варна (Болгария) қаласында өткен  «Мир. Искусство и море» атты балалар-жасөспірімдер фестиваль-конкурсында Украина, Белоруссия, Молдова, Болгария, Қазақстан  елдерінен қатысқан 200-ден астам қатысушылардың ішінен «Дебют» студиясының «Баурсақ» тобы, «Баурсақ»  және  «Доктор Ай» әндері үшін І орынға ие болды. Сондай ақ, «Песенку про папу» және «Привет, фестиваль» атты өлеңдері үшін Ромась Екатерина, І орынға ие болды, жетекшісі Эльвира Лютровник. 

«Түрлі түсті ел» «Түрлі түсті ел»

Ал осы жылы, «Дебют» авторлық студиясының тәрбиеленушілері Санкт-Петербург қаласында жыл сайын өтетін  «Волшебный мир кулис» атты IХ халықаралық вокал эстрадалық шығармашылық конкурсында лауреат атанды, сонымен қатар Динара Капаровамен вокал пәндері бойынша шебер сыныптарға қатысты.   Қорытындысында, 13 жасар Анастасия Дмитриева «Джазовый вокал» атты номинациясы бойынша Джордж Гершвин «Summertime» және Юрий Началовтың  «Здравствуйте, бабушка Элла» атты композициясы үшін II орынға иеленді. 14 жасар Рабиға Ақанова «Эстрадный вокал» атты номинациясы бойынша III орынға ие болды.

«Түрлі түсті ел» «Түрлі түсті ел»

Анастасия Дмитриева концертте Джэн Джексонның «Black cat» атты өлеңін орындады, бұл өлеңмен бірнеше рет халықаралық сонымен қатар, Италия қаласында өткен «Ремини старс» конкурсында жеңіске жеткен. «Ремини старс»  конкурсының финалисті Шухрат Ахметханов, «Хрустальный звон» және «Талисман удачи» (Турция) конкурстарының  жеңімпазы Самал Султангазина, «Самал» оңалту  орталығының тәрбиеленушілері Төлеген Молдабаев, Евгений Золотарёв және  Евгений Веткалов «Три танкиста» әндерімен концертте өнер көрсетті. Барлық жас әншілер ду қол шапалаққа ие болды. Көрермендер ұжымның жетекшілері Қазақстанның композиторлар Одағының мүшесі Лютровник Эльвира  Тавкильевнаны және   аккомпаниатор Қапарова Динара Зиядиновнаны зор құрметпен қошеметтеді.

Добавить комментарий