Мы в соцсетях 

 facebook ok vk youtube

ekran diktor rus

KPLeto2 rus

amanat rus

gossimv 23 2

polojeniya 23 rus 2

mindal rus

raspisanie 26 27 rus 1

proekt 23 rus

BIRTUTAS TARBIE

bala time kaz

map

antikor

Антикоррупционная служба 

Колл центр 1424

 

 

Дворец школьников 

Облако тегов 

Наши посещения 

24691024
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В этом месяце
За прошлый месяц
За все дни
19668
21605
19668
24448750
99137
375807
24691024

Ваш IP: 216.73.216.157
Время: 2026-11-09 17:53:50

Сахна сыртының сиқырлы әлемі

Волшебный мир кулис Волшебный мир кулис

Жуырда М.Катаев атындағы Павлодар облыстық Оқушылар сарайының «Дебют» авторлық студия тәрбиеленушілері  Анастасия Дмитриева және Рабиға Ақанова  Санкт-Петербургтан оралды. Олар «Сахна сыртының сиқырлы әлемі» атты вокалды-эстрадалық шығармашылығының IХ жыл сайынғы халықаралық конкурсының лауреаттары болып атанды.

Бұл беделді конкурсқа барлық Ресейден (Карелиядан Солтүстік Кавказға дейін) және Беларуссия мен Қазақстаннан  69 жас әнші қатысқан болатын. Конкурстың қазылар алқасының құрамына  қиыр шетел мемлекеттерінің  ән өнеріне қатысты  атақты майталманы кірді: өнертану докторы, театрлық өнердің Санкт-Петербург академиясының профессоры, эстрада режиссеры Игорь Алексеевич Богданов, әнші, пианинашы, вокал техникасын жетілдіру  Халықаралық институтының оқытушысы (АҚШ) Роберто делли Карри (Италия, Рим), концерт беруші джаз  әншісі және сазгер, актриса Рената Рейч (Австрия, Вена), «Триумф» шығармашылық бірлестігінің көркемдік жетекшісі, Санкт-Петербург мемлекеттік театрлық академиясы вокал және музыкалық тәрбие кафедрасының аға оқытушысы Лариса Владимировна Панадмитриева, әнші, концерттік және театрлық қызметкер Кенесінің мүшесі, Балтимор қаласының (АҚШ)  құрметті азаматы Тамара Николаевна Сморякова, ресейдің еңбек сіңірген әртісі, мемлекеттік сыйлығының лауреаты, халықаралық конкурстардың лауреаты Инесса Леонидовна Просаловская,  эстрадалық әнші, сазгер, продюсер, базалық вокалдық тынысты  қою бойынша әдістемелік жұмыстың авторы Екатерина Квернадзе (Рессей, Санкт-Петербург), халықаралық конкурстардың лауреаты, «Акварель» вокал театрының әншісі Юлия Владимировна Ганьшина.

Волшебный мир кулис Волшебный мир кулис

Конкурс төрт күнге созылды. Қорытындысында  - 13-жасар павлодарлық Анастасия Дмитриева екінші орынға ие болды, ал 14-жасар Рабиға Ақанова – үшінші орынды иеленді. Екеуі де – «Дебют» авторлық студисының әншілері. Қыздар М.Катаев атындағы Павлодар облыстық Оқушылар сарайының «Дебют» авторлық студия жетекшісі Динара Зиадинқызы Қапаровамен бірге вокал бойынша педагогтердің шеберлік сабақтарына қатысты:  Рената Рейчтің (Австрия, Вена) - эстрадалық-джаз вокалы; Роберто делли Карридің (әнші, пианинашы, вокал техникасын жетілдіру бойынша Халықаралық институттың оқытушысы, Италия, Рим) - «MIX E DINTORNI: «Жаңа музыкалық үрдістерді ашу»; Владимир Бриктің (актёр және  режиссёр) - «Қорқынышты жең! Сәттілікке ниет білдір!» Илья Ореховтың (Битбокс-шоу жанрындағы ең үздік әртістердің бірі, «оркестр адам») - «Beatbox, осы заманғы вокал жанры ретінде».

Добавить комментарий