Антикоррупционная службаКолл центр 1424
Дворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения24610642
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 5650 13105 5650 24370444 18755 375807 24610642 Ваш IP: 216.73.216.170
Время: 2026-11-02 21:24:51
|
Жасыл шырша жанында
27, 28 желтоқсан күндері М.М.Катаев атындағы Павлодар облыстық Оқушылар сарайының үлкен залында «Білімпаз»эстетикалық тәрбие беру студиясының тәрбиеленушілеріне арналған «Қош келдің, Жаңа 2015 жыл» атты мерекелік бағдарлама ұйымдастырылған болатын. Балалар шырша мерекесіне үлкен дайындықпен келіпті.Әр түрлі кейіпкерлердің жаңажылдық костюмдері,Аяз ата мен Ақшақарға арналған өлең жырлары – бәрі бірінен бірі асып, көздің жауын алды. Бүлдіршіндер қызықты да тартымды қойылымды тамашалап, жасыл шырша жанында ән салып, би билеп,ойындар ойнады. Қойылымның кейіпкерлері Аяз Ата, Ақшақар, Тұлпар, Жалмауыз кемпiр, Ғарыш адам, Ғарышқыз, Самұрық, Жұлдызхан, екі Батыр, Қошақан болды. Олар өздеріне тапсырылған рөлдеріне үлкен жауапкершілікпен қарап, жақсы орындап шықты. Балалар өздерін сиқырлы ертегінің ішінде жүргендей сезінді. Аяз Ата мен Ақшақар қонақтарға шыққанда балалардың қуанышында шек болған жоқ. Әдеттегідей «Жасыл шырша, шамдарынды жақ, жарқылда» деген бүлдіршіндердің үшінші сиқырлы өтінішінен кейін үлкен шырша мыңдаған түрлі-түсті отпен жарқ етті. Балаларға да, ата-аналарға да жаңажылдық қойылым ұнап, көңілдерінен шықты, қатысушыларды үлкен қуанышқа бөледі. Бүлдіршіндерге Аяз Ата өздері көптен күткен сыйлықтарын табыс етті. Бұл мерекені «Білімпаз»тәрбиеленушілері әлі бірнеше мәрте естеріне түсірері сөзсіз. |














