Мы в соцсетях 

 facebook ok vk youtube

Антикоррупционная служба 

Колл центр 1424

Дворец школьников 

Облако тегов 

Наши посещения 

14591525
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В этом месяце
За прошлый месяц
За все дни
6091
11064
78642
14235361
66421
356704
14591525

Ваш IP: 3.144.255.87
Время: 2024-10-06 16:18:26

Жас әншілер халықаралық байқаудың жеңімпаздары атанды

Вокалисты Дворца школьников стали победителями международного конкурса Вокалисты Дворца школьников стали победителями международного конкурса
Вокалисты Дворца школьников стали победителями международного конкурса Вокалисты Дворца школьников стали победителями международного конкурса

2024 жылдың 2 мен 9 шілдесі аралығында М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайының «Жаңа Star» вокалдық студиясы Батуми-Грузия қаласында өткен «Golden Fleece» - «Золотое руно» халықаралық фестиваль – байқауына қатысты.

Вокалисты Дворца школьников стали победителями международного конкурса Вокалисты Дворца школьников стали победителями международного конкурса 

Фестивальдің мақсаты - балалар мен жастардың шығармашылық әлеуетін ашып, халықтар достығын дамыту мақсатында әртүрлі қалалар мен елдердің ұжымдары арасында тығыз байланыс орнату және алмасу.
Вокалдық ұжым 5-7 жас және 8-10 жас санатында «Эстрадалық ән» номинациясы бойынша өнер көрсетті. Қазылар алқасының халықаралық құрамына хореографиялық өнер, вокалдық өнер, цирк өнері саласындағы жоғары деңгейдегі мамандар, әртістер, әлемнің түрлі елдерінен белгілі мәдениет қайраткерлері кірді. Қазылар алқасы қатысушылардың дыбыс сапасы мен интонацияның тазалығы, сахна мәдениеті, репертуардың орындаушылық мүмкіндіктері бойынша өз бағаларын берді.
9 шілде күні «Эстрадалық вокал» номинациясы бойынша «Golden Fleece» - «Золотое руно» халықаралық фестиваль - байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті. «Жаңа Star» вокалдық студиясының «Смайлики» тобы «Mamma Maria» әнімен және «Айдарай» тобы «Show me your love» әнімен 3 орынға ие болды. «На воздушном шаре» әнімен «Тентек» дуэті жүлделі 2 орынды иеленді.  
«Жаңа Star» вокалдық студиясының барлық қатысушыларына кубоктар мен дипломдар табысталды. Ал, студия жетекшісі Н.К. Царенко мен сүйемелдеуші З. К. Ельшибаева алғыс хаттармен марапатталды.

 

Добавить комментарий