Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения16412496
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 6365 20398 64472 16078164 93174 460667 16412496 Ваш IP: 18.226.150.47
Время: 2025-02-07 14:39:52
|
«Тәуелсіз елдің ұландары» мерекелік концерт
М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында 2013 жылдың 13 желтоқсанында Тәуелсіздік күніне арналған концерттік бағдарлама өткізілді. Бұл күні Оқушылар сарайының Үлкен залында Павлодар облысының «Жас Ұлан» балалар-жасөспірімдер ұйымдарының көшбасшылары Павлодар қаласының жалпы орта білім беру мектептерінің 405 оқушысы қатысты.Концерт «Қазақстан - балалардың көзімен» бейнеролигінің қолдануымен өтті. Концерт «Жас ұландардың» әдеби-музыкалық композициясымен ашылды. Шарада М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының үздік ұжымдары өнер көрсетті. Жас ұландардың жүрегіне халықаралық конкурстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары болып табылатын «Блэйз» үлгілі эстрадалық би студиясы, «Дебют» авторлық студияларының өнері ұмытылмас әсер қалдырды. «Арман шоу» театр студиясы, «Свет звезды» үлгілі ән театры, «Жас дәурен» вокалдық ұжымы, «Музыкальный квартал» ән студиясы және «Нежность» хореографиялық студиялары жарқын өнерімен көзге түсті. «Свет звезды» үлгілі ән театрының ең кішкентай қатысушылары «Шалунишки» тобының «Әрқашан күн сөнбесін» әнін көрермендер өте жылы қарсы алды. Бағдарламаға 100-ден астам дарын иелері қатысты. Мерекелік шара «Жасұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының гимнімен аяқталды. |