Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения21064999
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 1807 12702 69074 20754862 398723 433954 21064999 Ваш IP: 216.73.216.213
Время: 2026-01-31 04:47:16
|
Оқушылар сарайының жас әншісі «Бала дауысы» конкурсының жеңімпазы атанды
2020 жылдың 15 - 17 қазан күндері Алматы қаласының Республика сарайында «Бала дауысы» V-ші Ұлттық балалар ән конкурсы өтті. Еліміздің 17 өңірінен төрт мыңға жуық қатысушылар ән байқауында бақ сынасты. Конкурстың финалына жас әншілер жарты жыл дайындалған болатын. Олар күнделікті вокалдан сабақ алып, би өнерін үйренді. Ақтық кезеңге 20 талантты жас қазақстандықтар жолдама алды. Еліміздің танымал композиторлары мен әншілері конкурс қатысушыларына арнап ән жазған болатын. Павлодар облысының жас әншісі, Оқушылар сарайы «Свет звезды» үлгілі ән театрының тәрбиеленушісі Лейла Цечоева Абдрахман Асылбек пен Ивана Бреусовтың «Сенемін саған» әнімен «Бала дауысы» конкурсының екінші дәрежелі сыйлығына ие болды.
Лейланың ақтық кезеңдегі тәлімгері - Али Окапов болған еді, олар сахна төрінде Майкл Джексонның «Will you there there» әнін бірге шырқады.
- Жеңіс туралы білгенде, өте бақытты болдым. Ән байқауда көп тәжірибе жинадым, танымал қазақстандық композиторлармен, әншілермен таныстым, - деді Лейла Цечоева. - Лейла - музыканы жанымен түсінетін, талантты бала. «Свет звезды» үлгілі ән театрында Лейла бесінші жыл тәлім алады. Байқауда ол өзінің ән шеберлігі мен әртістік қабілетін тамаша көрсете білді, - дейді вокал педагогы Елена Валько. Лейлаға биік белестерді бағындырып, таланты шыңдала берсін деп тілейміз. Өрімдей өнерпаздың толайым табысы көп болғай! |














