Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения22020632
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 9067 10438 49912 21743944 172563 343241 22020632 Ваш IP: 216.73.216.96
Время: 2026-04-17 20:33:59
|
«Анастасия» би-спорттық клубы чемпиондар кубогіне қол жеткізді
12 мамыр күні Семей қаласында балалар және жастар шығармашылығы Сарайында «Чемпиондар кобогі - 2019» атты спорттық-балдық биден ашық республикалық фестиваль өтті. Оқушылар сарайының «Анастасия» би-спорттық клубы сайысқа белсенді қатысып, ең үздік нәтиже көрсетті. Жагупаров Ислам және Ерсаинова Жасмин «Юниоры» санатында квикстеп, ча-ча-ча және самба билерін билегені үшін екі бірдей бірінші орынға қол жеткізді. «Бебби» санатында Медина Инсинбаева вальс, ча-ча-ча, самба билерін ортаға салған үшін екі рет бірінші орынға ие болды. Алшинбаева Азиза «Юниоры – 1» санатында команданың жеңіс қоржынына екі бірінші орын және үшінші орынды әкелді. Бокша Анастасия «Юниоры-2» номинациясында ча-ча-ча, самба, румба, джайв билері үшін жеңіске жетті. «Анастасия» би-спорттық клубының жетекшісі Виолетта Никитинаны және тәрбиеленушілерін жеңістерімен құттықтаймыз! |














