Антикоррупционная службаКолл центр 1424
Дворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения24584429
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 9327 20795 57743 24318214 368349 527623 24584429 Ваш IP: 216.73.216.170
Время: 2026-10-31 12:45:50
|
Ана жүрегімнің үні
5 наурыз күні М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында ақ жаулықты әжелер, аяулы аналар, қыз-келіншектердің төл мерекесі 8-Наурыз күніңе арналған «Ана жүрегімнің үні» атты мерекелік концерт өтті.
Көктемнің алғаш күніңе арналған мерекені Оқушылар сарайының көркемөнер бөлімінің тәрбиеленушілері мен педагогтері сыйлады. Жас өнерпаздардың өнерін тамашалау үшін қала тұрғындары, жас әншілердің ата-аналары келді. Мерекелік кешті ағалы-інілі Оқушылар сарайының педагог-ұйымдастырушысы Еркебұлан Өсербай және «Арман-шоу» үлгілі театр-студиясының тәрбиеленушісі Серікжан Өсербай жүргізген болатын.
Сонымен қатар мереке күндері «Білімпаз» эстетикалық білім беру және дамыту студиясының кішкентай балғындары өз аналарын, әжелерін құттықтап бар білімдері мен өнерлерін ортаға салды. Ал эстетикалық бөлімінің жас суретшілері аналарына арнап «Ана портреті» атты көрме ұйымдастырды. |














