Антикоррупционная службаКолл центр 1424
Дворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения24584083
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 8981 20795 57397 24318214 368003 527623 24584083 Ваш IP: 216.73.216.170
Время: 2026-10-31 12:10:35
|
«Свет звезды» үлгілі ән театры Греция елінде жеңіске жетті
Ағымдағы жылдың шілде айының басында жас павлодарлық әншілер Греция елінің, Крит аралында өткен XV-ші балалар және жастар шығармашылығының «Серебряный дельфин» Халықаралық фестиваль-конкурсына қатысып 4 алтын, 3 күміс, 2 қолаға ие болып, жүлделі орындармен елдеріне қайтты. «Свет звезды» үлгілі ән-театрының тәрбиеленушілері эстрадный вокал номинациялары бойынша Тамила Рахимбаева, Медина Күмісбек, Маша Варламовалар және ұжымның дуэті бірінші орындарға ие болса, Даша Иванченко, Амина Байболатова, Айжан Тусупаевалар екінші жүлделі орындарға жайғасты. Ал Даша Варламова мен Ева Дик үшінші орындарға ие болды. Фестивальдің ережесі бойынша «Свет звезды» үлгілі ән театры үш бірінші орындарға ие болып, бас жүлдені ұтып алды. «Свет звезды» ұжымының жетекшісі Елена Валько өзінің кішкентай тәрбиеленушілерін мақтан тұтады. Бұл ән-театрының оқушылары өте өнерлі, шығармашыл, еңбекқор балалар. «Серебряный дельфин» Халықаралық фестиваль-конкурсының ұйымдастыру комитеті «Свет звезды» театрының педагог-аккомпониаторы Баркова Елена Владимировнаға әлемдік көркемөнер мәдениетін дамытып, қолдағаны үшін алғыс хатпен марапаттады. |














