Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения19617530
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 2532 14833 65342 19264172 261565 378960 19617530 Ваш IP: 216.73.216.189
Время: 2025-10-17 03:27:23
|
Мереке әлеміңдегі «Блэйз» студиясының жеңістері
Осы жылдың жаз мезгілі кезінде павлодарлық Оқушылар сарайының «Блэйз» эстрадалық би студиясы күн сәулесіне шомылған, мың бұралған бишілері мен күміс көмей әншілері бар Грузия еліне барып, көптеген жүлделі орындармен оралды.
Олар «XXI-ші ғасырдың балалары» атты Халықаралық шығармашылық және балалардың тұлғалық даму жобасының қатысушылары болып, «Из Грузии с любовью» атты II-ші Халықаралық фестиваль-конкурсының лауреаттары атанды. Павлодардан келген оқушылар өздерінің әртістік қабілеттерімен, сахынада шебер ойнау шеберлігімен таң қалдырды. «Балалар биі», «Эстрадный танец», «Ұлттық би» атты номинацияларында өнер көрсеткен, «Блэйз» студиясының бишілері алты бірдей бірінші жүлделі орынға ие болып, фестивальдің бас жүлдесі «Блэйз» эстрадалық би студиясына бұйырды. Студияның көркем жетекшісі Любовь Корнюхина өз оймен бөліседі:
-Фестивальге келген бетте, біз балалармен сайыстың бас жүлдесін ұтып алып, жүлделі орындарға ие болып, Тбилиси, Батуми, Кутаиси, Кобулети атты көрікті жерлерге барып қайттық. Табиғатынан әртістік қабілеттері бар, және биге шебер Грузин елінде біздің оқушылар биден шеберлік-сыныптарға қатысты. Фестивальдің бағдарламасында номинациялар бойынша сайыстар, дөңгелек үстелдер, Грузия бойынша ойын-сауықтық және экскурссиялық іс-шаралар, Қара теңіз жағалауы бойынша демалыс ұйымдастырылды. Сайыстың қазылар алқасына – өз ісінің мамандары, атақты адамдар енді. Оның ішінде дю Солей циркінің ВАРИКАЙ шоу-бағдарламасын ұйымдастырушы әрі негізін қалаушы, директоры, әнші, актер, ақын, хореограф, композитор Тимур Коридзе, «Мхедрули» Мемлекеттік ән және би ансамбілінің директоры мен негізін қалаушы Бадри Цецхладзе және тағы да басқалар бар еді. |