Антикоррупционная службаКолл центр 1424
Дворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения24690888
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 19532 21605 19532 24448750 99001 375807 24690888 Ваш IP: 216.73.216.157
Время: 2026-11-09 17:47:14
|
Мың бұралып билеу үшін
Облыстық Оқушылар сарайы «Анастасия» спорттық-би клубының тәрбиеленушілері мен педагогтары Алматы қаласында жаз айында жыл сайын өтетін спорттық биден жиынға қатысты.
Аталмыш жиын тамыз айының соныңда «Арман Дала» балалар сауықтыру лагерінің аумағында өткен болатын. Павлодарлық бапкерлер Виолетта Никитина, Анастасия Загорулько және клуб тәрбиеленушілері Адлет Жумангалиев, Рената Гильмиянова, Марина Демченко, Нурсултан Сарбаев, Асанали Шокпаров күн сайын спорттық биден сабақтарға барды. Педагогтар мен балалар үшін шеберлік-сабақтарды Ресейден келген бапкерлер Максим Елфимов, Евгения Чурикова, Константин Беленко, Алёна Кан жүргізді.
- Бұл жиында біз көпке үйрендік, - дейді павлодарлық спорттық-би клубының бапкері Анастасия Загорулько, - жаңа би қозғалыстарын біліп алдық. Мен бапкер бола тұра, ресейлік әріптестерімнен көп сабақ алдым. Бұл сабақтар үшін әріптестеріме алғысым шексіз.
Жаттығу жиынының бағдарламасында топтық, жеке сабақтар, йога, хореография және актерлік шеберлік те болды. |














