Бейнежаңалықтар
Оқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар24592319
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 432 16785 65633 24318214 432 359811 24592319 Сіздің IP: 216.73.216.170
Уақыт: 2026-11-01 00:22:11
|
Павлодарлық жас астроном IAYC халықаралық лагеріне қатысады
Павлодар қаласының астрономияға құмар жоғары сынып оқушысы Мирали биыл жазда әлемнің ең беделді жас зерттеушілеріне арналған жобаларының бірі — International Astronomical Youth Camp (IAYC) халықаралық астрономиялық жастар лагеріне қатыспақ. Ол байқау негізінде іріктеуден сәтті өтіп, әлемнің 30-дан астам елінен жиналған жетпістей жаспен бірге бірегей ғылыми ортаға қосылады.
Миралидің ғарышқа деген қызығушылығы бұл оқиғадан әлдеқайда бұрын басталған. Ол — Павлодар қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің (химия-биология бағытындағы) 11-сынып оқушысы. Мектеп қабырғасында астрономиямен белсенді айналысып қана қоймай, өзі ұйымдастырған астрономия үйірмесінде қатарластарына білімін бөлісіп жүр. Сонымен қатар Мирали — М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайы жанындағы «Антарес» астроклубының тәрбиеленушісі. Ол Павлодар облысының астрономиядан құрама командасының мүшесі және Республикалық Астротурнирде өңір намысын қорғаған.
|














