Бейнежаңалықтар
Оқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар24726233
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 26607 28270 54877 24448750 134346 375807 24726233 Сіздің IP: 216.73.216.137
Уақыт: 2026-11-10 20:28:51
|
Жүрекке мейірімді бейнелер
Халықаралық әйелдер күні қарсанында М.Катаев атындағы Павлодар облыстық Оқушылар сарайында «Сымбат» бейнелеу студиясының жетекшісі Каркавина Елена Александровнаның және «Палитра» бейнелеу студиясының жетекшісі Дмитриева Василина Александровнаның ұйымдастыруымен «Менің сүйікті анашым» атты сурет көрмесі ашылды. 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған көрмеде кескіндеме техникасында салынған балалардың 35 ең үздік суреті ұсынылды. Балалардың салған суреті өте әдемі, айқын, шынайы болды. Кейбір суреттерде ана өз жанұясымен бейнеленді. Жас суретшілердің қызықты жұмыстарын 400-ден астам үйірмешілер тамашалады. Келіп көремін деушілердің барлығына көрме есігі ашық. |














