Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар23852626
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 9376 16579 79784 23518970 164169 579883 23852626 Сіздің IP: 216.73.216.180
Уақыт: 2026-09-12 07:22:26
|
«Менің аяулы анам»
Жақында М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында аналар мейрамы қарсаңында оқушылар сарайының жас суретшілерінің «Менің анам ең сұлу» тақырыбында сурет көрмесі болып өтті. Көрмеге ұсынылған отыздан астам кескіндеме және графика туындылары бейнелеу өнері студияларының қорынан алынды. Онда «Сымбат», «Палитра», «Алиса» студияларының қылқалам шеберлерінің қолынан шыққан туындылар өнер сүйер қауымның қызығушылығын тудырып,көңілінен шықты.Үйірмешілердің шығармашылық еңбектерінде сан алуан тақырыптар қамтылған, әсіресе аяулы аналар тақырыбындағы салынған суреттер ерекше көзге түседі. Көрмеге қойылған туындылардың басым көпшілігінен алуан түрлі гүлдерді және ана мен баланы үйлесімділікпен бейнелегенін аңғаруға болады. Көрмеге қатысушылардың жасы 5-12 жас аралығында. Ең жақсы жұмыстар дипломдармен марапатталды. Бұлар «Сымбат» бейнелеу студиясының үйірмешілері: Ахмет Нұрбек, Ғайнулла Арайлым және «Алиса» шығармашылық бірлестігінің үйірмешілері Алексеенка Валера, Перамитина Алена. Көрме оқушылар сарайының үшінші қабатында орналасқан барлық көрем деушілерге есігі ашық. |














