Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения15986226
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 12296 5464 33759 15648833 127571 513018 15986226 Ваш IP: 13.59.195.78
Время: 2025-01-08 21:48:21
|
«Пионерлер қатарынан, Жасұланға дейін»
18 маусым күні М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайында «Пионерлер қатарынан, Жасұланға дейін» атты Павлодар Ертіс Өңірінің балалар қозғалысы тарихының жаңартылған мұражайы ашылды. Бұл күні пионерлер аға тәлімгерлері, комсомол және әр түрлі ұрпақтардың пионерлер жұмыскерлері В.С. Шакиримова, Е. В.Пушкарёва, Н.И.Фирсова, Л.И.Асеева, В.Ф. Аксёнова, М. М.Голышева., В. Г Хуако., Н. Н. Маракина және тағы да басқалары кездесті. Мұражай стендтері өткен ғасырдың 20-шы жылдарында пайда болған облысымыздың бірінші пионерлер қатары туралы, Павлодар Оқушылар сарайының алғашқы жылдары және ашылу тарихы жайлы сөз қозғалды. Мұражайда пионерлер атрибуттары тулар, кернейлер, дағыралар, галстуктар, пионерлер формасы, сонымен қатар өткен жүзжылдықтың балалар қозғалысының әртүрлі құжаттары ерекше көзге түсті. Сарайда «Пионерлер даңқ мұражайы» 1982 жылы 17 мамырда ашылған. 70-80 жылдары пионерлер тарихында ерекше кезең боды. Бұл кезде пионерлерді қабылдау бойынша салтанатты рәсімдер өткізіліп, мектеп оқушыларына әр-түрлі экскурсиялар өткізілді, қала мен облыстың пионерлер белсенділері жиналды. 90-жылдардың тарихи өзгерістеріне байланысты өткен жылдардағы Павлодар облысының пионерлері жинаған мұражайдың құнды материалдары, қорға беріліп осы күнге дейін сақталып келді. М.Катаев атындағы Оқушылар сарайы республикамызда балалар қоғамдық қозғалысының дәстүрлерін жинап, сонымен қатар жаңашыл формасын тапқан орталық болып саналады. Көп жылдар бойы жиналған тәжрибелер қазіргі таңда Қазақстанның «Жас Ұлан» балалар-жасөспірімдер қоғамдық ұйымының жұмысының негізіне енгізілген. Балалар қозғалысының тарихы сақталады, байытылады, өңделеді. 90-жылдар мен жаңа ғасырда балалар мен жасөспірімдер туралы қызықты істері туралы жаңа материалдар пайда бола бастады. Қазіргі таңда павлодарлықтар өткен кезбен қайтадан керемет пионерлер еліне оралуға мүмкіндіктері бар. |