Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения20636278
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 10768 12349 10768 20361407 403956 381361 20636278 Ваш IP: 216.73.216.209
Время: 2025-12-29 16:08:00
|
«Аққу» облыстық қыздар клубының ашылуы
М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында 2021 жылдың 12 ақпан күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» атты конференция өтті. Бұл іс шарада облыстық «Аққу» қыздар клубы ашылды.
Конференцияға облысымыздың жалпы орта білім беретін мектептерінің 8-11 сынып оқушылары қатысты. Клубтың салтанатты ашылуымен «Нұр Ана Әлемі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Бахытжамал Максилова құттықтады. - Бүкіл халық үшін, мемлекетіміз үшін, әр отбасы үшін қыз тәрбиесі өте маңызды, өйткені қыздар елдің болашағы, үйдің тірегі. Қазақ халқы «қыз» сөзін сұлулық, ұстамдылық, сымбаттылықтың символымен байланыстырады, - деді Бахытжамал Максилова. Клубтың жұмысымен Оқушылар сарайының бейімдеп оқыту бойынша басшының орынбасары Галия Иманбекова мәлімдеді. - Бүгінгі қыздар - ертеңгі ана және сүйікті жар. Отбасында қыздарға жақсы тәрбие беру - болашақ ұрпақ тәрбиесінің негізі. Сондықтан отбасы қыз тәрбиесіне үлкен көңіл бөлуі керек, - деді Галия Иманбекова. Оқушылар сарайының әдіскері Әсем Аипова шаштың қасиетті мағынасы, шаш өруге арналған шашқаптар мен бас киімдер туралы баяндап берді. Шаш, қазақтың наным-сенімі бойынша - күш, бақыт, өркендеу деген ұғымдарға тоқталды. Қазақ қызының ұзын шашы, қыз баланың мақтанышына айналған. Қазақ әйелдері өздерінің шаштарын күміс теңгелермен өрген. Шашбау, шаштенге, шолпы немесе шаштарын арнайы кестеленген шашкаппен жинап қоятын болған. «Beauty Studio» студия жетекшісі Камила Балгымбаева «Бұрымды қыз» шеберлік сабағын көрсетті. |














