Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения18612278
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 4701 16588 65598 18324797 35846 307313 18612278 Ваш IP: 216.73.216.237
Время: 2025-08-03 08:09:59
|
Әл-Фарабидің мұрасын Оқушылар сарайының тәрбиеленушілері зерделеді
2020 жылдың 20 қарашы күні Оқушылар сарайында «Әл-Фараби» мұрасы атты онлайн конференция өтті. 2020 жылы ғалым философ Әл-Фарабидің 1150-жылдығы тойланды.
Аталмыш шараны «Каламгер» баспасөз орталығы және «Антарес» астрономдар клубы ұйымдастырды. Балалар Әл-Фарабидің әлемдік ғылымға қосқан үлесін зерттеді. Өз баяндамаларында оның, еңбектерінің маңызы, шығармашылығының әртүрлі мәдениеттердің жақындасуына әсері туралы айтты, өткенді зерттеудің маңыздылығын, уақыттың байланысын көрсете білді. Мельниченко Богдан өз баяндамасында «Әл-Фарабидің еңбектеріндегі философия», Манабаев Сарман - «Әл-Фарабидің еңбектеріндегі астрономия», Гайдунко Назар - «Музыка және Аль-Фараби», Нурпеисова Карина - «Аль-Фарабидің нақыл сөздері», Ахметова Айлана - «Аль-Фарабидің өмірінен қызықты фактілер» туралы айтып берді.
Павлодар қаласының №5 ЖОМ-нің мұғалімі Айгуль Молдаш өзінің оқушысы Али Бауржанұлымен іс-шараға қатысты.Олар өздерінің «Ғалым болғым келеді» атты жұмысымен таныстырған болатын. Али конференцияның ең кішкентай қатысушысы болды. Ол бірінші сыныпта оқиды. |